Менің сүйікті анашым – Майра Ерсаиновна!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтаймын!
Өз бақытын өзі өмір сыйлаған перзенттерінің қылығынан, қуанышынан іздейтін аяулы анашым менің!
Мен Сізге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Сіздей анамның барына қуанамын және өзіңізді шексіз жақсы көріп, мақтан етемін! Тәңіріміз Сізге ең алдымен, мықты денсаулық, еңбекте табыс, таусылмас дәулет, мол бақыт, шектеусіз шаттық сыйласын! Ақжарқын жүзіңіз әрдайым арайлап атқан шуақты таңдай нұрланып, құлпыра берсін. Сіз айналаңыздағы жандардың бәріне аналық мейіріміңізбен, ақыл-парасатыңызбен қолдау көрсетіп, «ананың көңілі балада – баланың көңілі далада» дегендей, балапандарыңыздың болашағына алаңдаумен келесіз. Сіз қандай құрметке болмасын, лайық адамсыз!
Ардақты анашым, асылым менің! Туған күн тойыңыз құтты, қуанышыңыз ұзағынан болғанын тілеймін!
Ізгі ниетпен: ұлыңыз Олжас