Әкешім

Асқар таудай биіксіз бізге әкешім,
Еркелеткен хор қызындай көкешім.

Біз сіздің тамырынбыз жалғанған,

Қия алмайтын мәңгі де бөтен ешкім.

 

Жүрегімізде жатталған есіміңіз,

Ыстық қой әрине,  мейріміңіз.

Алыста жүргенде сағынамыз,

Алып-ұшып алаңдап көңіліміз!

 

Бүр жарды жыр, әкешім, жүректегі,
Ашылып бала көңіл, сезім гүлі.

Жанұямыз үшін сіз бәйтерексіз,
Жалғыз ғана арқа сүйер өмірдегі.

Махметова Дильназ,
6 «а» сынып оқушысы,
№25 жалпы орта білім беру мектебі,
Павлодар қаласы,
Тәлімгері: Сеитова Нургуль Сейтхановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.