Home » Балабақша » Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен

Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен

Раушангул Әділғалиқызы Имангалиева,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі
Орал қаласы, БҚО

 

 

 

 

 Мақсаты: а) Балалар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналарды белсене қатыстырып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

ә) Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақ, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

б)Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қажетті құралдар: кеглилер, доптар, жастық, жұмыртқа, ағаштан жасаған аттар, шығыршық, шарлар т.б.

Жүргізуші:                                                                                                       Шынықсаң шымыр боласың,                                                                                                                   Сауығып айдай толасың.                                                                                     Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.                                                                                       Жеңімпаз болу оңай ма,                                                                                  Арман болған талайға?                                                                                  Болмасаңда ұқсап бақ,                                                                                           Жарысқа түсіп қалайда.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері және спортсүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан мәдениетті, дені сау азаматтар мен азаматшалар өсіру – отбасының, балабақшаның борышы екені баршамызға мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстану – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Осы бағытта болашақта халқына қалаулы,еліне елеулі ата-ананың мақтанышы,дені сау ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісінде біздің «Ақжайық» балабақша ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді.Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Міне, бүгін бізде айтулы мереке, «Мақсаты бірдің рухы бір»деп ұрандатқан «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен»  атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер.

«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен»  атты сайысымызды ашып беру үшін «Ақжайық» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі Н.Ж.Жұмабаеваға сөз береміз. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңіздер, Әділ қазы алқасы әділ баға беріңіздер! – дей отырып, сайысқа қатысатын отбасыларымыздың күштіліктерін, ептіліктерін, шапшаңдықтарын бағалап сараптау үшін әділқазылар алқасын тағайындап алайық

Әр таңды бақытпенен атырамыз,                                                                       Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(Музыка ойнап тұрады)

Жүргізуші:
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан,
Қырандардың қасында.

  • Досановтар отбасын ортаға шақырамыз.
    Көңіл қойып қараңыз,
    Жалындап тұр ғой баламыз.
    Жарыссын қане тобымыз,
    Қол соғып қарсы алайық.
    2.Темиргазиевтар отбасын ортаға шақырамыз.
    Жарыстарда озатын,
    Бәрінен алда болатын.
    Болашаққа бүгіннен,
    Спортқа қол соғатын
  • Сапаргалиевтар отбасын ортаға шақырамыз.

Кімдер күшті, кім алып,
Күш сынасып бағалық.
Доп тебісіп жүгіріп,
Қарсыласты жығатын.
4.   Тосановтар отбасын ортаға шақырамыз.
Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жете бергін сүрінбей.

Сайысымызды бастамас бұрын жақсы көңіл күймен бастауымыз үшін  бөбекжайымыздың өнерлі қызын «Елім менің» әнімен ортаға шақырайық.

Күшіміздің, төгілер теріміздің,

Ырысын тасытар жеріміздің.
Ол үшін жастарымыз келешекте,

Атағын асырар еліміздің, – деп, бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болайық.

Сайыс бөлімдері:

1-бөлім: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»
2- бөлім: «Шығыршықпен бір-бірін тасымалдау»
3 бөлім: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайталау»
4- бөлім: «Жастықты жеткізу»
5- бөлім «Жұмыртқаны жарып алма»

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз, – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі өз отбасын таныстыру.
1-бөлім: «Өзге емес өзім айтам өз жайымда»
Үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3-5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету)

«Бейбарыс» тобы

 

Топтың ұраны:
Жеңістерге бет алдық,
Спортта сұлтан атандық.
Жетсін деп топ мақсатқа,
Бейбарыс деп атадық.
Бейбарыс тобы алға, алға!
«Қыран»тобы

Топтың ұраны:

«Қыран» тобы алға, биіктерге самға.
Толағайда топ жарып,

Жеңістерді жалға,

Алға, алға, алға!

«Тұлпар»тобы

Топтың ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды.

 

2-бөлім: «Шығыршықпен бір-бірін тасымалдау»
Шарты:Әр топқа екі шығыршық беріледі.Алдыңғы тұрған ойыншы бір шығыршықты жерге тастап бәрі ішіне тұрады.Екінші шығыршықта осылай қайталанады.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

3-бөлім: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала».

Шарты: Ата-ана кезекпен кезек тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішінде жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата-ана соны шешу керек.

4-бөлім «Жастықты жеткізу»

Шарты: Анасы баласымен залдың бір жақ шетінде, әкесі залдың қарама-қарсы жағында тұрады.Анасы басына жастық қойып, баласы екеуі әкесіне қарай жүреді.Залдың орта тұсына жеткенде баласы жерге төрт тағандап тұрады,анасы басындағы жастығын баласының арқасына түсіреді де әрі қарай жүруді жалғастырады.Залдың екінші жақ шетіне жеткенде, әкесі баласының арқасындағы жастықты алып,өзінің басына қойып,үшеулеп кейін қайтады.

Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса!

5-бөлім: «Жұмыртқаны жарып алма».
Алдын ала әр топқа таза үш қасық және үш піскен жұмыртқа дайындалады.Әкесі мен анасы қасыққа жұмыртқаны салып тістерімен тістеу арқылы, ал баласы қасықты қолына ұстап жұмыртқаны жарып алмай жеткізулері керек.

Балалардың орындауында «Көңілділер» биі.

Жүргізуші:
Әкем, шешем көңіл қойса дем беріп,
Спортты біз сүйер едік тең көріп.
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Спорт қана қамалымыз ең биік, –
дей келе, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын уақыт келіп жетті.Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды мадақтау.

Сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті. Құрметті қонақтар мен бүгінгі сайыскерлер, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын.Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.