Наурыз айының екінші жұлдызында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған аграрлы- техникалық колледжінде алдымызда келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Әйелдің бақыты — отбасы атты тақырыбында аудандық іріктеуге келіндер сайысы болып өтті.
Колледжімізден жалпы сала сала бойынша алты үміткер қатысты. Өндірістік оқыту шеберлерінен: Асанова Ұлмекен, Жүнісова Нұршат, Дүйсенбаева Айгерім жалпы пән оқытушыларынан Қиянбекова Нұржамал, Исматова Айнақыз, тех қызметкерлерден Гүлбану қатысты.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды: Таныстыру, Салт- дәстүрге байланысты сұрақ- жауап, Өз өнері, Сүйіктімнің сүйікті асы Сайысқа әділ қазы мүшелері болып, колледжіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрымтаева Тасбике апай, ғылыми жоба әдіскері Шарап Талғат ағай және өндірістік оқыту шебері Бегімбетова Сәуле апай қазылық етті.
Сайыс өз дәрежесінде әділ өтті деп айта аламыз. Себебі, барлық қатысушылармыз өз өнерлерін көрсетіп белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып түрлі номициялармен сыйлықтармен марапатталды. Номинация бойынша инабатты келін, парасатты келін, өнерпаз келін, көрікті келін, өнерлі келін атақтарын беріп қатысушыларымызды марапаттады. Міне, осындай іс шаралармен колледжіміздің тыныс тіршілігі кеңейіп, ұстаздарымыздың шығармашылық деңгейлеріде сыналып жатқан жағдайы бар. Ұстаздарымызға ерен еңбектеріңіз бағаланып, алған марапаттарыңызбен құттықтаймыз деп ақ тілек білдіргіміз келеді.
Байғабылова Күнзада Ақжігітқызы,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің
орыс тілі пәнінің мұғалімі