Home » Мақалалар » «Мейірімді жүрек» акциясы өтті

«Мейірімді жүрек» акциясы өтті

«Адамның шын мағнасындағы білімді болу үшін үш қасиет  қажет кең көлемді білім ойлай білу және қайырымдылық сезім» дегендей осы үш қасиетті бойына сіңірген мектеп мұғалімдері оқушылары «мейірімді жүрек» атты іс- шараға қатысып, белсенділік көрсетті. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» -деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісін   кең қолдану аясымен қол жеткізген жақсылық ізгі істер.

Мектебімізде қаңтар ақпан айларында мектепішілік қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Мектептің технология пән мұғалімі М.Жұмақбаева, Б.Төребеков шебер қолдар үйірмесінде оқушылармен бірлесе отырып, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасап, тұмаршалар, киіз үй, түйе үй тұрмысына қажетті құралдар ұлттық нақыштармен өрнектелген асханаға қажетті бұйым жасап, мектеп оқушыларына, ұстаздарға ата-аналарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Қамқорлық акциясына байланысты мектеп фоесіне «Мейірімді жүрек» атты іс-шараға орай «қайырымдылық қор» жинау мақсатында жиналған ақшаға аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 3 балаға жылы киімдер 2 дана аяқ киімдер берілді.

Білім алушыларда акцияға қатысып, 12 оқушыға өздерінің қалауымен оқу құралдарын беріп, өз үлестерін қосты. Осындай іс- шараға қатысып, қол ұшын берген мектеп әкімшілігіне ұстаздарға, оқушыларға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.

                                                    Әбуова Әсел Мырзагелдіқызы, Шымкент қаласы,
Қазыбек би атындағы
№36 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.