Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 орта мектебінің 5 «ж» сыныбында «Әже өнегесі» тақырыбында өнеге сағаты өтті. Өнеге сағатымызға 5 «ж» сыныбының әжелері қонақ ретінде шақырылды. Кешімізге Бақыткүл Түгелбаевна, Бибіжар Оразалықызы, Айжамал Арыстанқызы қонаққа келіп өздерінің келелі әңгімелерімен жалғастырды.
Кездесу түрінде өткен өнеге сағатымыздың мақсаты:
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кеш барысында сынып оқушыларының жеке өлеңдері оқылды.
Кешімізді «үздік жүргізуші» байқауының қатысушылары
5 «ж»сыныбының шәкірттері Әділжан Азаматұлы мен Жансезім Медетқызы жүргізді.
Мерекелік кешімізде Сая Ахметжанқызы «Асыл әжем» әнін орындап кеш көркін аша түсті.
Мерекелік кешімізге келген барша қонақтардың көңілін көтеру мақсатында дайындаған Назым Сағынышқызы мен Наргиз Нұрланқызының орындауында «Әсем ән» биін тамашалап келген қонақтарымыз өз ризашылықтарын білдірді.
Өнеге сағаты мектебіміздің күйшісі 5 «ж» сыныбының шәкірті Арман Нұрлыбекұлының орындауында «Бес жорға» күйімен өз жалғасын тапты.
Өз кезегінде Гүлназ Ерболқызы «Әжетайым » әнін келген қонақтарымыздың жүректеріне жеткізе отырып жоғарғы деңгейде орындап шықты.
Келген қонағымыз Бақыткүл Түгелбайқызы «Немерем» әнін, ән – шашу ретінде арнады. Келген қонақтарымыз дән риза болып оқушыларға алғыстарын жеткізді. Кеш соңында келген қонақтармен естелікке суретке түсті.
Әжелеріміз бен аналарымызды, ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің Мәңгілік ел іргетасы берік болсын!
Диана
Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Әділболат
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар
Нұрасыл:
Сүттей таза, ақ көңіл пейілің бар,
Жүрегіңнен әрқашан мейрім табылар
Кішкентайдан еркелетіп бізді өсірдің
Бұл ғаламда аман болсын сендей жандар
Барша бала басын иіп алғыс айтар
Гүлжан;
Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Гүлім:
Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем
Дінмұханбет:
Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Жаһангер:
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
Дамир
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!
Бейбарс
Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынып
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.
ШЫҢҒЫС
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
Батырлан
Әже — сенің ардақ тұтам есіміңді,
Болдың ғой бізге әрдайым кешірімді.
Қондырып қияға — қыз ұяға — ұл,
Өзіңнен ұрпақтарың өсіп — өнді.
Аймырза
Айналайын асыл әжем мінезіңнен,
Бар бақытты табамын бір өзіңнен.
Ешқашанда ауырмай жүре берші,
Бар жақсыны тілеймін жүрегіммен.
Асанәлі
Сізге деген тілгім таусылмайды,
Болмасын өміріңде уайым — қайғы.
Көтеретін немере еркелігін,
Аппақ бейнең біз үшін жарқылдайды.
Диас
Анасысың әкемнің анашымның,
Тілеймін бір өзіңе бар асылды.
Көрейік асыл әжем өзіңді әркез,
Өмірдің биігінде дара шыңның.
Дінмұханбетжан
Көңілің кең данасың,
Перзентіңе панасың
Сен бар күні той думан
Мерекеңмен анашым!
Еңлік
Мені күтіп баптаған,
Сан қатерден сақтаған
Асыл анам сенімен
Мен әр кезде мақтанам
НАРГИЗ
Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Жақып БАТЫРЛАН
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы
№13 орта мектептің 5 «ж» сынып оқушысы