Осыдан шамамен 5-6 жыл бұрын болған оқиға. Жаз мезгілінің екінші айы. Ол кезде өзімнің ауылымдамын.
Жаздың өзінің ыстығын көрсететін кез. Сондай күндердің бірінде əжем далада өзінің күндегі ісі-кесте кестелеп отырған еді. Бір сұңғақ бойлы, зор денелі адам əжеме қарай жақындап, сəлемін білдіріп қал-жағдайын сұрай бастады. Əжемде сəлемін қабыл алып үй-жайын, тыныс-тіршілігін сұрап жатыр.
-Иə, шүкір жақсы бəрі де аман-есен. Ауылдың барлық адамдарына соғып, жолшыбай сізге кіріп кетуді жөн көрдім. Сізді бүгін қонаққа шақырғалы келген едім. Төріміздің сыйлы қонағы болыңыз, деп әжемнің қолына бір жапырақ қағазды ұстатты.
-Жарайды, балам көрерміз. «Денсаулығым жақсы болса барармын, ал керісінше болса айып етпе, балам», деп əңгімесін тоқтатты.
-Жарайды, апатай күтеміз, деп ол адамда келген жолымен жүріп кетті. Əжеме жақындап барып сұрастыра бастадым. Сол адамның үлкен ұлы шаңырақ көтергелі жатқанын, соған ауыл адамдарының басын бір дастархан басында жинап үлкен той өткізгелі жатыр екен. Сол тойға əжемді шақырғалы келген екен. Қонақ дегенді естіген үйдегі кішкентай балалар көзді ашып-жұмғанша лезде жүгіріп келді. Оның да өз себебі болатын. Əжем əрбір қонаққа барған сайын үйдегі бір баланы жанына ертіп жүретін. Сол балаға сөмкесін, киімдерін ұстатқызып жүретін. Ал сол бала тəтті жегеніне қуанып киімдерін ұстап жүре беретін. Ол кезек кімге келді екен? Əжем:
-Əй, осы жолы өзім жалғыз барайын. Үйлерінде адам көп болады. Қонақтар əрбір жерден келеді. Өзім ғана барармын, деп сөзін түйді. Бізде амалсыздан келісімімізді білдіріп ымдастық.
Кеш кезі. Əжем қызу дайындықта. Әрбір дайындығында әжем:Əй, қызым киімімді əперші, әй, қызым орамалымды əперші, дейтін. Ол сөзін біз күтіп тұратынбыз. Себебі: егерде кімде-кім əжемізді қонаққа дайындап жіберсе, сол дайындаған балаға көп тəттілер əкелетін. Бұл жолы кезек маған келіп мен дайындадым. Сөйтіп, əжемізді дайындап шығарып салдық.
Қараңғы түн. Сағат тілі түнгі он екіні көрсетуде. Мен және өзімнен кіші іні-сіңлілеріммен әжемді күтудеміз. Басты себебіміз: әжеміз өзімен бірге алып келетін тойдан базарлық-сарқыт болатын. Бұл біздің отбасымызда қалыптасқан дәстүр десек те болады. Қанша көзіміз ілініп, көз жанарымыз талса да күтудеміз. Кенет терезеден көліктің жарығы көрінгендей болды. Бәріміз әжеміз келген болар деп далаға шықтық. Келген өзіміздің тағатсыздана күткен әжеміз екен. Қолына бір қалтасын ұстап көліктің есігін аша бастады. Біз ол кезде бәріміз жамырасып алдына жетіп барған едік.
-Тоқтандар, қайда асығасындар? Беремін ғой. Үйге кірейін. Киімімді ауыстырып алайын. Сендерге әкелген тәттілерім бар, деп ухлеп ақырын адымдап үйге кірді. Дастарқан басына отыра қап, өзінің ала қалтасын аша бастады. Біз жан-жақтан тағатсыздана дөңгелектеніп тұра қалдық.
-Балалар-ау, мені жеп қоймаңдаршы, қазір шыдай тұрындар, деді. Негізі біз аш емес болатынбыз. Тек қана жаңадан шыққан қандай тәттілер бар екен деп қызықтайтынбыз. Қазір сол кездерді ойыма ойласам, еріксізден күлкін келеді. Әжем әрқайсымызға үлестіріп тарата бастады. Тіпті алмалардың өздерін жасымызға қарап бөліп беретін. Қып-қызыл алманы ең бірінші маған ұсынды.
-Осы балалардың ішіндегі ең үлкенісі-сенсің, бұл саған, деді. Сол кезден бастап өзімнің ес біліп есейгенімді сезіндім. Рақметімізді білдіріп, мәз-мейрам болып қала бердік. Басымыз бір дастархан үстінде жиналды. Мәре-сәре болып отбасымызбен бір дастархан басында отырғанға не жетсін десеңізші. Әңгіме деген қызу жүріп жатыр. Әжем қонақта естіген әнгімелерімен бөлісіп жатыр. Жаңалықтары бітер емес. Біздің көзіміз ілініп ұйқымыз келсе де, әжеміздің көңіліне қарап, ауыл жаңалығын амалсыздан тыңдап отыра беретінбіз. Ол кез ең керемет кездер болатын.
Қазір сол кездерді қатты сағынамын. Өйткені, ауылдан жырақтамын. Туған мекенімнен алыс болсам да ауылым есімнен еш уақытта да шыққан емес. Ата-анаңның қадірін, әжеңнің қадірін түзге шыққаннан кейін ғана түсінеді екенсің.
Айдана Боранбаева,
Павлодар қаласы,
Инновациялық Еуразия Университетінің
2-курс студенті