Home » Мақалалар » ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаратылыстану-математика және дүниетану пәндерінің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинарға 29 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында Жаратылыстану-математика және дүниетану пәндері бойынша туындаған проблемалық мәселелерді талқылау, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу барысында ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдерді анықтау, мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігін қалыптастыру мақсатын көздеген семинарды Институттың инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығы А.Төлеғалиев сөз сөйлеп ашып, семинарға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ профессоры Н.Садыков «К международным исследованиям качества школьного образования естественно-математического направления школьников начальных классов» тақырыбында, институттың аға оқытушысы, тренері А.Сисенова «Білім мазмұнын жаңару аясында мұғалімнің білімін үздіксіз жетілдіру – заман талабы» тақырыбында сөз сөйледі.
Ақтау қаласындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Г.Кенжалиева «Дүниетану пәні сабағында оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру», №28 жалпы білім беру орта мектебі мұғалімі Фатима Кабак «Дүниетану сабақтарында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру», Опорный орта мектебі мұғалімі С.Шарова «Бастауыш мектепте дүниетану пәні бойынша білім берудегі тиімді әдістер», Ақтау қаласындағы №15 орта мектептің мұғалімі Д.Джумалабаева «Қалай дұрыс тамақтану керек?» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Семинарға қатысушылар оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін оқу үдерісінің қай кезеңінде және де қалай қолдануға болатыны жөнінде айта келіп, өзара тәжірибе алмасу бағытында облыс көлеміндегі үлгілі сабақтардың жинақ қорын құру туралы ұсыныс білдірді.

 

Н.САДЫКОВ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ профессоры

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.