Home » Айтарым бар » Әдіскеріміз жүлдемен оралды

Әдіскеріміз жүлдемен оралды

OQU-ZAMAN.KZ – Ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтардың өзара әріптестік тәжірибе алмасу мақсатындағы республикалық «Ұстаз – ұлы есім» экспресс-конкурсы өтті.

Конкурсқа мектептер мен гимназиялардың мұғалімдері мен оқушылары, жоғары оқу орындары, кәсіптік білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қатысты.

Конкурс бірнеше бағыттарға бөлінді: әдістемелік әзірлемелер, авторлық бағдарламалар, дарынды балалармен жұмыс, мастер-класс және т.б. Павлодар қаласынан әдістемелік орталықтың әдіскері Анар Акишпаева байқаудың «Әдістемелік әзірлемелер» бағыты бойынша «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» сайысына қатысып, жүлделі I орынға ие болды.

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.