Home » Жаңалықтар » ӘДЕБИЕТ  ПӘНІН  ЖАҢАША ОҚЫТУДА  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  ИДЕЯСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

ӘДЕБИЕТ  ПӘНІН  ЖАҢАША ОҚЫТУДА  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  ИДЕЯСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыруда өскелең ұрпақтың бойына Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарын дарыту, тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеру қажеттілігі артып отыр.

Халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтарды, сондай ақ, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі саналатын рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары негізінде білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы. «Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын жалпыұлттық  идея жас ұрпақтың бойында бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды қалыптастыруға, жетілдіруге бағытталған.

Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылықтары:

1) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана.

2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

3) Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

4) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

7) Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Құндылықтар мемлекеттік білім беру стандартының мақсаты мен міндеттерінде, мектептердің миссиясында қамтылған. Құндылықтарға сай қасиеттер МЖМБС-да құндылықтар тізіміндегі бағдарлар ретінде қарастырылған:

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Құрмет

Ынтымақтастық

Еңбек пен шығармашылық

Ашықтық

Өмір бойы білім алу

Қазақстандық қоғамның құндылықтары мен білім беру құндылықтары өзара сәйкестікте, бірлікте жүзеге асырылады.

Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынады. Мысалы, 5-сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша  «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызын оқытуда Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана құндылығын қалыптастыру көзделеді.Оқу мақсаты:Б/С 1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау. Ұсынылатын оқу жаттығулары: «Асан қайғының жерге айтқан сыны» бойынша тақырып пен оның маңызына қатысты бөліктерді  белгілеп, маңыздылығын талқылап, тарихи құндылығына баға береді. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.

Білім алушылар қосымша ақпарат көздерінен дәлелдер келтіріп,«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздерімен байланыстырады.Мәтіннен дәлел келтіре отырып, ой бөлісу оқушыларға өз көзқарасын білдіру, өз ойын жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы.

Д.Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас…»

Оқу мақсаты:  Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Топтарға тапсырма ұсынылып, А тобы өлеңге қысқаша шолу жасайды, В тобы сұрақтар әзірлейді, С тобы екі топтың сұрағы мен жауабына сараптама жасайды. Нәтижесінде өлеңдегі өмір шындығын,  тақырыбы мен идеясын анықтайды, бүгінгі өмірмен байланыстыра талқылайды.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы.

«Қобыланды батыр» жыры. «Елін жаудан азат еткен ерлер».

Оқу мақсаты: А/И4.

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу. Оқу мақсатына жетуде оқушылар жырдан қысқа тіркестер тауып, «Ерлігі еліне арналған» тақырып аясында «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздерімен байланыстыра отырып ойтолғау жазады. Жырдан дәлел келтіре отырып, ой бөлісу оқушыларға өз көзқарасын білдіру, ойын дамыта жазуға көмектеседі.

Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы.

А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңі.

Оқу мақсаты: 5.Б/С4.

Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясы негізінде шығармадан алған әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу және жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтары Ы.Алтынсариннің еңбек тақырыбына арналған шығармаларын оқытуда жүзеге асырылады.

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Оқушы өз сөзімен және шығармадан дәлелдемелер, мысалдар, кейіпкердің  іс-әрекетін негізге ала отырып,  портреттік мінездеме береді, әңгімедегі басты ұғымдарға талдау жасап, шынайы өмірмен салыстыра бағалайды. «Бақыттың кілті-еңбекте» деген тұжырымды дәлелдеу ұсынылады.

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы құндылығы.

Д.Лондон «Мексика ұлы»әңгімесі «Бокстың  шаршы  алаңы-жеңіс пен әділдіктің айнасы».

Оқу мақсаты:Б/С 3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.Шығармадағы кейіпкерді өмірдегі спортшылар бейнесімен салыстырып, өзіндік құндылығы тұрғысынан талдай отырып, өз көзқарасы негізінде өмірмен байланыстырып, дәлелдер келтіре отырып, әдеби эссе жазады.

Тұтас ұлттың бейнесін, қазақ халқының бейнесін сомдаған әдеби шығармалар – Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік Елге айналуына қазық болатын сенімді тіректер.

Оқу процесін ұйымдастыруда басты назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды қалыптастыруға аудару–заманауи білім беру жүйесінің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.

«Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл– ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының  білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

 

 Сарсенова Н.Қ.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық)
пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.