Home » Ашық сабақтар » Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Бактыбаева Дилара
Талғар қаласы
«Премиум-Талғар» балабақшасы
«Балауса» екінші кіші тобы

 

Білім беру саласы: Каммуникация
Бөлімі:
Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
Білімділік:
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстардың түрлерімен таныстырып, балалардың құстарға қамқорлық жасауға белсенділіктерін арттыру. Құстардың сыртқы пішіні, мінез-құлқы туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық:  Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін арттыру, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға үйрету. Құстарға қамқор болып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құстардың суреттері

Сөздік қоры: Жыл құстары

Билингвальді компонент: Торғай-воробей, әтеш-петух, қарға-ворона, көгершін-голубь, сауысқан-сорока, көктем-весна…т.б

Балалар оқу-қызметімізді бастамас бұрын қане ойын ойнап алайық.

Ойынның аты: «Машина мен торғайлар» Ойын ережесіне сәйкес балалар ойнайды.

Шаттық шеңбері:

(Балалар шеңберге тұрып күннің шуактарынан жылу алып шаттық шеңберін айтады)

Шуақ шашып алтын таңда,

Мөлдір таза ауада
Табиғаттың бәрі оянды,

Қайырлы таң балалар!

Сәлем бердім саған елім

Тал бесігім туған жерім!

Ұйымдастыру-іздестіру тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

— Балалар бізде жылдың қай мезгілі?

—  Көктем айында неше ай бар?

— Қазір көктем айының қай айы?

— Көктем айының ерекшеліктері туралы кім айтады?

— Наурыз айында қандай мерекелер бар?

— Балалар көктем айында жылы жақтан құстар ұшып келеді екен.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

— Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешесіңдер ме?

Жұмбақ:

Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған

Жауы шыбын-шіркейдің,

Табиғатты ол қорғаған.

(Құс)

-Балалар сендер құстарды не екенін білесіңдер ме?

-Олар қайда ұшады?

— Ендеше біз бүгін құстардың түрлерімен танысамыз.

Слайд көрсету.

Балалар бейне таспадан құстардың түрлерімен танысып олардың тіршілігі немен қоректенетіні туралы мәлімет алады. Құстар түрлері өте көп. Олар үй құстары, дала құстары болып болінеді екен.

Үй құстарына: Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық жатады. Тауықтар — тауық тәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Үйрек, үй үйректері (Anas platyrhynchos var. domestіca) — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар.  Үйректердің ең көп тараған түрлері: пекин Үйрегі, мәскеудің ақ Үйрегі, мускусты Үйрек, үндінің жүйрік үйрегі, т.б.  Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) табады. Балапан шығымы жоғары. Мускусты үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Мекиендерінің салмағы 2,5 — 3 кг, аталығы 4,5 — 5 кг, жақсы семірген кезде 6 — 7 кг, бауырының өзі 350 — 550 граммға жетеді. 6 — 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 — 120-ға дейін жұмыртқа табады. Таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үндінің жүйрік үйрегі жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған. Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.Бізде оның көптеген тұқымдары өсіріледі. Әсіресе ақ үйректің екі түрі Мәскеу және Пекин үйрегі, сұр Украин үйрегі, ақ жемсаулы және Харьков қара үйрегі көп тараған. Үйрек — суда жүзетін құс. Жылдың жылы мезгілдерінде тоғандар мен көлдердің суы саяз жерлерінен қорегін өзі тауып жейді.

Қаздар (лат. Anserinae) — Қазтәрізділер отрядына жататын құстардың тұқымдас тармағының бірі.Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды. Олар әсіресе тундрада көп болады. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25—28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы.

Күркетауық – үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9–35 килограмм, мекиені 4,5–11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50–55 грамм, 120 күннен соң 4–5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 – 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3–4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін). Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады.[1]
Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен. Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Тауық етінде (күркетауық еті де өте ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында сирек кездесетін қышқылдар және қанықпаған май қышқылдары көп. Олар тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек жолында тез қорытылады.      Құс етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды.

Торғай (лат. Passer domesticus) — бұл шынайы торғай (Passerваidae) түрінің ең таралған түрі. Бұл тұрғын үйдің маңында тұратын, сондай-ақ сыртқы көрінісінде де, тән шырышында да жақсы танымал болған ең танымал құстардың бірі. Дененің ұзындығы 14-18 см, салмағы 21-37 г. Ілгектің жалпы түсі төменгі қоңыр-қоңыр, қара дақтары бар, ақшылдау немесе сұр түске боялған. Бет жағы ақ, құлақ аймағы ақшыл сұр болып табылады. Сары-ақ көлденең белдеуі бар қанаттар. Еркек үлкен қара дақтың қатысуымен ерекшеленеді, ол көкірек, тамақ, шоқтың және кеуде үстіңгі бөлігін, сондай-ақ бастың қара-сұр (бірақ қара-қоңыр) үстіңгі жағын жабады. Әйелде ақшыл бас және тамақ бар, көздің үстінде ақшыл сұр-сары жолақ бар.

Дала құстарына: Қара қарға (лат. Corvus corone) — торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.[

Сауысқан (лат. Pica pica) — торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады. Сауысқан-ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына- жұмыртқа салып, балапан басыпшығарып оларды қауіп-қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкі келеді,бүйрегінде қауырсыны аппақ. Ол өте сақ болып келеді. Ерекшілігі- жылтыр.

Қарлығаш (лат. Hirrundinidae) — торғайтәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.[1]

Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.

Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.[2]

-Балалар ендеше бәріміз далалға серуенге шығып даладағы құстарды тамашалайық. (Балалар екі-екіден қолдарынан сапқа тұрып серуенге шығады)

— Балалар қарандаршы дала қандай керемет.

— Ауа-райы қандай екен?

— Даладан не көріп тұрмыз?

— Ненің дыбысын естіп тұрмыз?

— Құстарға тас лақтыруға, ұруға бола ма?

— Балалар құстарға біз қамқор болуымыз керек.

— Балалар қарандаршы құстардың шем салғышы үзіліп қалыпты, жасап береміз бе?

— Ендеше бәріміз қатарға тұрып, тобымызға барып жем салғышын жасап берейік?

(Балалар қатармен топтарына бара жатып тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді)

-Балалар біз құстарға қамқор болуымыз керек. Оларға жем беріп, қорғауымыз керек. Балалар өзіміздің жаттаған тақпағымызды айтайықшы.

Нан қиқымын шашпандар,

Жерде жатса баспандар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастандар.

-Балалар тобымызға келдік бәрімәз орнымызға отыра қояйық. Балалар мен даладан алып келген жем салғышымыздың үзілген жерін мен жасап берейін сендер қарап отырыңдар.

— Енді балалар менде осындай тағы екі жемсалғыш жасап қойдым. Түстерін атайықшы?

— Енді балалар мен сендерге күріш, мәш, горох әкелдім. Осыларды түстеріне қарай кім қандай түсте жем бергісі келеді, сол түсін таңдап сондай түсті жем салғышқа салады.

-Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы ат салыстыныздар? Берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар?

— Балалар бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Орнымыздан тұрайық

Құстар болып самғайық

Сауысқан боп секіріп,

Торғай болып қонайық

Қарлығаш боп самғайық

Қане қанат жазайық,

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызды табайық

-Жарайсыңдар балалар! Енді мен сендерге қызықты ойын әкелдім.      Ойынның аты: «Құстарды құрастыр» Ойынның шарты: Берілген құстардың дене бөліктерін тауып, оларды кнопка, ілгек, жапсырғыш арқылы орындарын табу. (Құстардың денесін, қанатын көзін тұмсығын, аяқтарын фетрдан қиып қоямын)

-Өте керемет жарайсыздар! Сендер ойынды қызығушылықпен ойнадыңдар.

-Балалар бүгін немен таныстыңдар?

— Құстарды қандай түрлері бар екен?

-Құстарға тас лақтыруға, атуға бола ма?

— Бүгін біз құстарға нені жөндеп бердік?

-Құстар немен қоректенеді екен?

-Бүгін балалар сендер барлықтарын оқу-қызметіне жақсы ат салыстыныздар.

— Осымен біздің бүгінгі оқу-қызметіміз аяқталды. Келген апайларға сау болыңыздар дейміз.

-Келгендерінізге көп рахмет сау болыңыздар!

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.