Home » Поэзия » Әбіш Гаухаркүл — Қазақтар

Әбіш Гаухаркүл — Қазақтар

 

Желтоқсанда қаhарлы

Қайыспаған қазақтар.

Намысы бар жастары

Майыспаған қазақтар.

Ашуланса жауларын

Жайпап кеткен қазақтар.

Шаңырағын Одақтың

Шайқап кеткен қазақтар.

Тура жолды басқа елге

Тоқыраудың кезінде

Нақтап берген қазақтар.

Бұрынғы одақ халқына

Тәуелсіздік күресін

Бастап берген қазақтар.

Ұлан-байтақ өз елін

Қорғап келген қазақтар.

Ұрпағына мекенін

Сақтап келген қазақтар.

Жүзден астам ұлттарға

Аға болған қазақтар.

Қиын-қыстау кезеңде

Пана болған қазақтар.

Түркі тілдес халықтың

Ата-жұрты қазақтар.

Достығымен танылып

Дана болған қазақтар.

Бағындырған ғарышты

Ұлдары бар қазақтар.

Әдепті де намысты

Қыздары бар қазақтар.

Тәуелсіздік жолында

Қанын төккен қазақтар.

Барша ұлтқа достықтың

Дәнін сепкен қазақтар.

Еңбегімен бірлікпен

Мықты болған қазақтар.

Нұрсұлтан салған нұрлы жол

Құтты болсын, қазақтар!

Қиындықты мойымай

Жеңе білген қазақтар.

Нарық заңын түсініп

Көре білген қазақтар.

Елбасының артынан

Ере білген қазақтар.

25 жыл өткенде

Бұрынғы Одақ елдерін

Шаң қаптырып артына

Тастап кеткен қазақтар.

Жаңа өмірді алдағы

Бастап кеткен қазақтар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.