Home » Мақалалар » Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Солардың бірі қаламыздағы №41 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Парида Шайкенқызы Файзрахманова.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Парида Шайкенқызы жайлы ерекше ілтипатпен  айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат  шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді.   «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші Парида Шайкенқызы  қаншама дарынды оқушылардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін беруде. Оған дәлел қазіргі 4-сынып оқушыларының «I-school» республикалық қашықтық олимпиададан Айтымқан Алия, Мұханов Ералы, Байдельдинов Даурhttps://bilimainasy.kz/wp-admin/edit-comments.phpен, Рахимжанова Ақнұр І дәрежелі Диплом, Мұқатай Данияр, Арынова Рената, Мустафинова Тамирис, Мұхаметжан Ахмет ІІ дәрежелі Диплом жеңімпаздары.

Ұстаздың қарапайымдылығы мен  ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны  ерекшелендіреді.  Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен  қызметіне деген адалдығы   оқушылар үшін үлгі боларлық.  Парида Шайкенқызы 2018-2019 оқу жылында 1-сынып оқушыларын қабылдау жоспарын жүзеге асырып жатқандығы, оның қажырлы еңбегі, өз ісінің патриоты екендігінің дәлелі. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Парида Шайкенқызындай  ұстаздың өмірі – болашақ үшін  үлкен өнеге.

Парида Шайкенқызын 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Сізге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Уақыттың биігінен, мезгілдің мінберінен көріне беріңіз!

А.Н. Мукушева,
Павлодар қаласы
№41 жалпы орта білім
беру мектебінің директор орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.