Home » Мақалалар » Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – мектептің жүрегі

Ы.Алтынсарин айтқан: « жақсы ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі». Иә, жақсы ұстаз болу менің күнделікті тілегім.

Бүгінгі ауыл баласы… бүгінгі мұғалімның алдында өзекті мәселе тұр. Оны шешу біздің үлкен еңбекті, қажырлықты талап етеді, кез келген мектеп баласының қазыргі жағдайы көңілді жабырқатады. Қазіргі заман баласы компьютер, интернеттен бас алмайды. Заманына қарай адамы дейді. Ия, солай да шығар,заман талабы сол деп бар уақытын компьютерлік ойындармен,интернеттегі түрлі әлеуметтік желімен өткізген баланың жан дүниесінің судай таза боларына күманданасың. Бірақ қол қусырып отыра бермей, қашанда жақсы істің бастамасы болар ұстаздар қауымы бар емес пе? Ұстаздарға тек оқушы ғана емес, бүкіл халық сенім артады

Менің де жанымды жанап, сезімімді селт еткізген шәкірт сенімі, ел үміті еді. Ұстаз — қашанда ізденгіш тұлға.

Шығармашылықпен жұмыс жасап , ұстаздықтың толғанысына түскенде көз алдыма мені өмір теңізіне қырандай баптаған ұстаздарым елестейді. Олардың түр-тұлғасы ,сыр-сымбаты , асыл сөздері ойымда тағы бір мәрте жаңғыра түседі. Бір кездері олардың қадірі мен қасиетіне қаншалықты жете алғанымды кім білсін, ал бүгін менде ұстазбын.

Ұстаз… бар ұлылықпен парасаттылықтың, сыпайылықпен салтанаттылықтың, кемеңгерлік пен кішпейілділіктің, төзімділік пен табандылықтың тау тұлғасы, биік үлгісі – ұстаз. Ендеше, әрбір ұстаз алдына бір ғана ұлы мақсат қоюы тиіс. Ол – келешектің берік әрі мызғымас іргетасын қалау. Алайда қазіргі білім саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқыту мен тәрбиелеуді озық технологияларды меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Ал мұғалім – ол қай кезде интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті жоғары тұлға. Осы ретте белгілі педагогтердің «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген пікір есіңе оралады. Айтылғандарды ескере келе, мен де алдыма ұлы мақсат қойдым. Ол – жаңа заманның жаңа адамдарын қалыптастырылатын жаңашыл ұстаз болу – ендігі мақсатым.

Зор жауапкершілікті арқалаған мұғалім оқушыға тәрбиемен қоса білім бере алатындығына көз жеткізгендіктен , мамандығыма бас ием!

 

Сейлканова Ғалия Абикеновна,
Алматы қаласы, Медеу ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.