Home » Мақалалар » Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

 

Ұстаз! Адам жанына шуақ ойлар осы бір сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші?! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектерде, ол – ұстаз! Алғаш «әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімның бейнесі көңіл төрінен орын алары сөзсіз.

Ұстаз – диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, «өмір»атты шексіз ғаламда белгілі бір орын табуға көмектеседі. Бала бойын ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят,ұлыттық сана сезімді сіңіруші адам ол – ұстаз. шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз –ұлағатты есім.ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Өскелең ұрпаққа саналы білім беру – мұғалімның ең бірінші міндеті. Әрбір мұғалым өзінің 45 минутын жоспарлы ұйымдастырып, оқушыға берілген тақырыптың дұрыс жеткізуін қамтамасыз ету керек. Сабақты жоспарлы ұйымдастыру деген — сабақ жоспарын алдамшы түрде жазып барып өткізген кез келген сабақ емес. Күні ертең немесе алда өтілетін тақырыпты әркім қалай өткізетінін ойша жобалағаны дұрыс. Қағаздың бетін жоспармен толтырғаннан гөрі тақырып не, одан не айтылуы қажет, оқушыға не қалай ұғындыру керек, қосымша қандай деректерді пайдаланған жөн, тақырыпты меңгеру барысында қандай әдістер қажет — соның барлығы ойдан өтуі керек.

Қазіргі уақытта балалардың ойлау қабылеті, ақпаратты меңгеруі өте қарқынды. Бірақ меңгеріп отырғандары әдеби ақпарат емес,балалар көркем әдебиет оқылмайды. Алайда,ол-жалпыға тән құбылыс. Оған,ізгілікті даму бағытында, бізге жаңалық болып келген интернеттің, компьютердің тікелей кері әсері болып отыр.

Замансыз озық технологиямен көркейгені-мол жетістік. Бұл – біздің ата-бабамыз өңі түгіл түсінде көрмеген, ал біз -дәл осындай ғажайып әлемнің бар екенін білмеген ғажайып дүние. Бұл ғажайыпқа біздің балаларымыздың елігуіде, ері де өте дұрыс және тиіс. Бірақ әр нарсенің шегі болуы керек. Адам өмірінің өлшеулілігі тәрізді пайдаланылатын қажеттіліктің де өлшемі болуы керек. Балалар ол кереметпен қатар сөз құдыретінің кәусар байлығына тұшынғаны жөн. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздың әсерлі үнмен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Мынау аумалы-төкпелі өмірде осылай әр шәкіртін әділдік, мейірімділікпен парасаттылыққа баулитын мұғалым — әрбір адам өмірінде ең маңызды тұлға. Абай «адамның адамгершілігі ең алдымен жақсы ұстаздан» — деп айтқандай, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындата отырып,жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде мұғалімның еңбегі зор екені сөзсіз.

 

Алыпкелова Алтынай Рауловна,
Алматы қаласы, Медеу ауданы
№12 мамандандырылған гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі, педагог-мастер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.