Home » Мақалалар » Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол

Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігі баршамызға мәлім. Нұрғайша Жұмашқызы Түсіпбекова ақпан айының 19-ы 1959 жылы дүниеге келген. Нұрғайша Жұмашқызы Түсіпбековадай осы мектепте қырық жыл еңбегін сарп еткен, бейнеті мен қиынын бастан кешірген, алдынан қаншама шәкірт шығарып, соның жемісін көріп отырған ұстазды әрқашан мақтан тұту – әр азаматтың борышы.

Нұрғайша Жұмашқызының ұстаздық жолында жеткен жетістіктері жетерлік: оқушылары 2013, 2014, 2015 жылдары Алтай өлкесі мен Павлодар облысының «ДОБРОсоседство», «Экомобиль» халықаралық сайыстарында, «Ақбота» республикалық марафонында, «Менің Президентім – менің елім» облыстық сайысында, «Ертіс дарыны», «Алтын асық» облыстық интеллектуалдық марафондарында жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар балалардың шығармашылық жұмыстары үнемі республикалық «Балдырған» журналында және облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің «Айналайын» қосымшасында жарияланып тұрады. 2012-2013 оқу жылы ҰБТ нәтижелері бойынша бастауышта білім алған екі түлегі «Алтын белгі» иегері атанса, бір оқушысы «Үздік аттестатқа» ие болды.

Ұстаздар өз тәжірибесінде Нұрғайша Жұмашқызының «Қызықты грамматика» және «Қызықты математика» арнаулы курс авторлық бағдарламаларын қолданады. Оның жаңашыл ойлары республикалық бұқаралық ақпарат көздерінде, соның ішінде республикалық ғылыми-әдістемелік «Бастауыш сынып» журналында жарыққа шықты. Қоғамдық жұмыста үнемі белсенділік танытқаны үшін және білім беру жүйесіндегі адал еңбегі үшін ұзақ жылдар бойы әр деңгейде марапаттаулар мен алғыстарға ие болды. 2014 жылы Білім беру бөлімінің бұйрығымен адал еңбегі үшін енбек кітапшасына алғыс жазылды. 2012 және 2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы ПҚФ атынан алғыс хатпен, 2017 жылы Павлодар КБ атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Мектебіміздің 50-жылдық мерейтойында сый құрметке ие болды. Білім беру саласында ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрмет қызметкер» белгісімен марапаттады.

О. Олжаева,

№ 33 жалпы орта білім беру мектебі,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.