Home » Жаңалықтар » Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация

Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация

2017 жылғы 26-27 қазанда Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ІХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Дәстүрлі іс-шараға айналған конференция үстіміздегі жылы қазіргі әлемнің жаһандық проблемаларының бірі «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбына арналады.

Конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Ресей, Аустралия, Швейцария, Өзбекстан және т.б. елдерден мыңнан астам ғалымдар мен мұғалімдердің қатысуы күтілуде. Қазақстанның атынан еліміздің әрбір өңіріндегі үздік мұғалімдер қатысады. Астанаға есімдері әлемге таныс, белді спикерлер мен сарапшылардың келуі күтілуде. Олардың қатарында Сингапур Ұлттық білім университетінің директоры Он Сен Тан, ЕЭЫДҰ (Франция) Білім департаменті ерте балалық және мектеп бөлімінің басшысы, PISA және TALIS кеңкөлемді зерттеулер үйлестірушісі Юри Белфали, финдік белгілі сарапшы, Гарвард университетінің шақырылған профессоры Паси Салберг, әйгілі канадалық психолог, Ньюфелд институтының директоры Гордон Ньюфелд, басқа да білім саласында әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен топ-менеджерлер бар.

– «Бірнеше жылдан бері біздің конференциямызға қатысып жүрген оқытушылардың, ғалымдар мен сарапшылардың арасындағы тиімді диалог әлемдік және отандық білім жүйесіндегі ең өзекті мәселелерге арналады» — деп, атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова.

Әртүрлі форматтағы жұмыстар, атап айтқанда: негізгі баяндамалар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, постер-сессиялар және білім беру ресурстарының көрмесі өткізіледі деп жоспарлануда.

Конференцияның арнайы бөлім «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асыруға арналатын болады.

Астаналық конференция жеті жыл ішінде әлемдегі белді ғылыми зерттеу алаңдардың біріне айналып, оның аясында қазіргі білімнің ең өзекті проблемалары талқылануда.

Конференция басталуы: 2017 жылғы 26 қазан күні, сағат 9.00-де

Өтетін орны: ЭКСПО Конгресс орталығы, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 144/7

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасөз хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.