Home » Жаңалықтар » Ұстаз бен шәкірті бағындырған белестер

Ұстаз бен шәкірті бағындырған белестер

Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!

                                                                                  Н.Ә.Назарбаев

Халқымыз қашанда ел ертеңі жастар деп, жастарды білім мен өнерге баулып, бойындағы бар жақсылығын өз ұрпағына дарыта білген ел. Баланы жасынан баулып, болашағынан үлкен үміт күтіп, алға жетелейтін сенім шырағын кеудесіне жаға білген халқымыз қандай дана халық десеңізші! Қазіргі қоғам білімділік пен өнерді ұштастыра отырып, заманға сай дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына ену стратегиясы бойынша алға қадам басуда. Мінекей, осы басты қадамдар мектептен басталып жатыр. Неге десеңіз, білім мен тәрбиенің, өнердің іргетасы, қойнауы бұл – мектеп! Баланы мектеп жасынан жетелеп, жақсыға жол көрсетер, ел ертеңін еселі жарқын болашаққа апаратын әрине, ол біздің ұлағатты ұстаздарымыз! Демек, ұстаздық ол кемел келешек,  баянды, ғұмырлы Қазақстан!  Осындай ізденімпаз, білімді ұстаз бен дарынды, қағілез шәкірттің ерекше үлгісі болған мектебіміздің технология пән мұғалімі Ниязбеков Бауыржан мен 10 «Ә» сынып оқушысы Дүйсек Нұрболаттың ерен еңбегін  басқа да ұстаздар мен оқушыларға үлгі етпеуге болмас. Өткен оқу жылының облыстық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» ғылыми практикалық конференциясында «Технология және техника» бағытында өз жобасы «Заманауи күбі» тақырыбын қорғап шығып,  жүлдемен оралған біздің мақтанышымыз жаңа оқу жылында Алматы қаласында өткен  ғылыми практикалық конференциядан жүлделі І-орынды иемденіп, асқақ абыроймен оралды!
Алда үлкен сын, Республиканы өз жобасымен тәнті еткен Нұрболат алдағы күндері Санкт –Петербург қаласында өтетін халықаралық «Первый шаг к великому изобретению» ғылыми –практикалық конференциясына жолдама алды.
Нұрболатқа сәттілік және жеңіс тілей отырып, ұстазың Бауыржанның берген білімін зердеңе құя бер демекпіз. Білім мен ізденушіліктің, еңбексүйгіштіктің нәтижесі қаншалықты жоғары және ыстық болатынын сезіне білген ұстаз бен шәкіртіне болашақта да үлкен жобалар ойлап шығарып, еліміздің өркендеп, өсуіне, өркениетті елдер қатарына қосылуына зор үлес қосады деп сенеміз! Мектебіміздің атын шығарып қана қоймай, еліміздің абыройын асқақтатар біздің Бауыржандай білімді ұстаздарымыз мен Нұрболаттай зерделі шәкірттеріміз көп болғай!

 

 

Гүлназ Мамбетова
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«№27 жалпы орта мектеп» КММ
Қосымша білім беру педагогы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.