Мереке қарсаңында
«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін», — деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтқандай, мен де өзімді №4 Балжан Бөлтірікова мектеп-лицейдің мәңгілік шәкіртімін деп санаймын. Қазіргі таңда, мектебіміз «Лицей» атауына ие болып, мәртебесі көтерілуде. Әрине бұл, осы уақытқа дейінгі ұстаздардың қажырлы еңбегінің арқасы. Ұстаздың еңбегінің жемісі- артында қалған шәкірті.
Иә, өзіме үлгі болған Қошқарбаева Балсара әпкей туралы айтпай кету әсте мүмкін емес. Егер де қасымда болғанда, менің жетістіктеріме қуанар еді-ау! Ең бірінші — өзінің шәкірті, ізін басып, дәл өз орынында отырғанына марқаяр еді. Шіркін, білсеңіз ғой кітап толы сөреде сіздің кітаптарыңыз, жиналған жоспар арасында қолтаңбаңызбен жазылған жазуларыңызды көзімнің қарашығындай әлі күнге дейін сақтаудамын. Олар күшімді қайрап, жігерімді жасытудан сақтайды. Ал, ең алғаш жұмысқа келген сәтімді өмірі ұмытпаспын. Сынып бөлмесіне кіріп келгенімде, бейнеңіз алдыма келіп, даусыңыз құлағымда жаңғырып тұрды. Еріксіз көзіме жас алып, алдымдағы шәкірттерден жүзімді жасырған болатынмын. Біраз уақытқа дейін үйренісе алмадым… Қасымда болмасаңыз да, әрқашан мені қолдайтыныңызға сенемін.
Ұстазымның атын асқақтау үшін, бар шеберлігіммен талпынып еңбек етудемін. Маған бұл мектеп өте ыстық. Себебі, балалық балғын шағым өтті емес пе? Бақытыма орай, кешегі ұсаздарым, бүгінгі әріптестерім . Берекелі өмірде, мерекені де бірге тойлаймын. Ұстаздарым: Абдыхалықова Кеңескүл, Уразымбетова Доғдырхан, Карибаева Айша, Ерісова Салтанат, Жақсылықова Гүлзат, Керімбекова Ләззат, Тауенова Гүлназ сынды ұстаз-әріпестерімді шын жүректен меркелеріңізбен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін.
Болашаққа аттандырдың бақ тілеп,
Самғап-ұшып мен есейдім, сап түзеп
Ұстаздарым-соңдарыңнан келемін,
Өзің жаққан шамшырақ боп, ақ тілек.
Жадыра Тоқтағанқызы Жақсылықова,
№4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицей
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы