Home » Жаңалықтар » Ұстаздар мерекесі Өрлеуде

Ұстаздар мерекесі Өрлеуде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз–ғұмыр, ұстаз- нұр» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Салтанатты жиынға институтымыздың ардагер ұстаздары шақырылды. Ардагер ұстаздарымыз өздерінің мамандығы туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.

Шара барысында институт қызметкерлері Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.