Home » Жаңалықтар » Ұрпақтар жалғасы немесе ұстаз – ұлы есім

Ұрпақтар жалғасы немесе ұстаз – ұлы есім

Қыркүйек айының 21 күні Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында «Ұрпақтар жалғасы: Отбасым – бақыт мекенім» атты қала бойынша ұстаздарды марапаттау іс-шарасы болып өтті.

Астана қаласы Білім басқармасы және білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, Отбасы күнін, Еңбек күнін және ұстаздар күні мерекелері қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетілді.

Аталмыш шара мақсаты: жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру; еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады. Бұл мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» идеясының аясында еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбек етуіне ынталандыруға ықпал етеді. Марапаттауға білім ұйымдарының қызметкерлері 3 номинация бойынша өтінім берген:

  • «Үздік еңбек әулеттері» (Еңбек өтілі ең ұзақ марапаттар саны ең көп қызметкер, бұрын аталған іс-шараға қатыспаған әулеттер)
  • «Үздік тәлімгерлер» (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, өте тиімді жұмыс істейтін жас мамандарға іс-тәжірибесін, үлгі-өнегесін үйретіп жүрген тәлімгерлер)
  • «Үздік жас мамандары» (жұмыс өтілі 3 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор маман)
  • -Мен ойлаймын, бүгінгі шараның қоғамда қазіргі кезде орны жоғары. Ұстаз – ұлы есім. Білім саласы қызметкерлерінің келе
    жатқан мерекелерімен құттықтаймын. Бәрімізге белгілі, адам өмірге қадамды алғашқы ұстазының берген білімімен және ата-ана тәрбиесінен бастайды. Сондықтан болашағымыз жарқын болсын десек, алдымен ұстаз мерейі қашанда жоғары болғанын қалар едім!- деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Жанғозин Әнуар Қанатұлы.

Осы шараны ұйымдастырған және жеңімпаздарды марапаттаған Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Жанғозин Әнуар Қанатұлы, Қазақстан Кәсіподақ төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Астана қаласы Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының төрайымы Наурызбаева Балсұлу Мұзафарқызы, Астана қаласы Білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы Қылышбаева Жаңыл Ашмуханқызы еді. Енді жеңімпаздар тізімін оқырман қауымға таныстырсақ;

«Үздік еңбек әулеттері» номинациясы бойынша;

  1. №54 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Бүркітбайқызы Гүлбарша. Әулеттің еңбек өтілі – 341 жыл.
  2. №38 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Байтемір Ділбар Боранбайқызы. Әулеттің еңбек өтілі – 327 жыл.
  3. №76 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Саирова Бейбіткүл Бияхметовна. Әулеттің еңбек өтілі – 282 жыл.
  4. №16 орта мектептің математика пәні мұғалімі Омарова Сымбат Тлеухановна. Әулеттің еңбек өтілі – 230 жыл.
  5. №1 өнер мектебі Сағынтай Данагүл Сағынтайқызы – музыка пәнінің мұғалімі. Әулеттің еңбек өтілі – 200 жыл.
  6. №7 мектеп-гимназиясының тарих пән мұғалімі Утегенова Хамар Маратқызы. Әулеттің еңбек өтілі – 175 жыл.
  7. №1 балалар музыка мектебі, Тоқтаған Айтолқын Айтжанқызы оқушыларға қасиетті домбырамен күй үйретіп, қазақтың күй өнерін насихаттауда. Әулеттің еңбек өтілі – 108 жыл.

«Үздік тәлімгерлер» номинациясы бойынша;

  1. Тойғанбаева Гульнара Джумабаевна №24 «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі. Еңбек өтілі – 32 жыл
  2. Бруг Татьяна Михайловна – математика және физика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 36 жыл.
  3. Канапина Бақыт Канапияқызы №66 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пән мұғалімі. Еңбек өтілі-42 жыл.
  4. Мукашева Алтынай Сүлейменовна – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, №74 мектеп ұстазы, Еңбек өтілі – 30 жыл
  5. Денисенко Наталья Александровна — №4 «Аружан» балабақша қызметкері. Еңбек өтілі – 40 жыл.
  6. Айтбагинов Тагир Меньшаевич – балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының музыка пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі – 20 жыл.

«Үздік жас мамандар» номинациясы бойынша;

  1. Бекетова Жанерке Қайратовна №84 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 1 жыл.
  2. Нугманов Руслан Сарашович — №49 орта мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі. Еңбек өтілі – 3 жыл.
  3. Мукушева Жұлдыз Хасенқызы — №77 мектеп-гимназиясының биология пән мұғалімі. Еңбек өтілі – 3 жыл.
  4. Ахметова Гүлдана Ғалиоллақызы — №56 «Береке» балабақшасының тәрбиешісі. Еңбек өтілі – 2 жыл.
  5. Бекет Нұрбек – Техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері. Еңбек өтілі – 2 жыл.
  6. Көбегенова Еркежан Көбегенқызы — №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 3 жыл.
  7. Калкенов Жандос — №51 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. Еңбек өтілі – 2 жыл.
  • Негізі жасыратыны жоқ, қазір қоғамда ұстаз орны кейде төмендеп кеткенін байқаймыз. Бұл дұрыс емес. Мен ойлаймын, ел боламыз десек бесігімізді түзеуіміз қажет. Бесігіміз – баламыз, оның ішінде ұрпағымыз білім алатын мұғалімді қашанда сыйлау әр азаматтың борышы деп санаймын. Сондықтан бүгінігі шараның мақсаты, қоғамға ұстаз орны жоғары, сыйлы, ардақты екенін дәріптеу еді, — деді №74 мектеп-гимназиясының директоры Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға Алғыс хат, гүл шоқтары және өзге де бағалы сыйлықтарды табыс етті. Шара соңында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні шырқалып, естелікке суретке түсумен аяқталды.

Сәния СҮЛЕЙМЕН,

Білім айнасы

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.