Home » Ашық сабақтар » Ұмытылмас – Ұлы есім

Ұмытылмас – Ұлы есім

Мақсаты:
Білімділік
: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка
Көрнекілігі: Карта, бейнебаяндар, слайдтар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету;
3) Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру.
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін! (бейнебаян көрсету)

 Жаңа тақырып Тақырыбымен таныстыру.           

Эпиграфы: «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды»                                                                                                                                 

Жаңа тәрбие сағатын меңгертуге дайындық
— «Ой түрткі салу»
— «Соғыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?                                                                             

№1 бейнебаян көрсету  Жаңа сабаққа кіріспес бұрын төмендегі кестенің бірінші бағаның толтырамыз, қалғаны сабақ барысында толтырылады. Бүгінгі тақырып жайында не білемін? Бүгінгі сабақта не білдім? Бүгінгі сабақ жайыңда өз ойың?Жаңа тәрбие сағатын меңгеру кезеңі: Әр елдің өз тарихы бар. Тарихта адамзат баласының басынан көптеген оқиғалар өтті. Бірақ, ел тарихындағы Ұлы Отан соғысының беттері ерекше. Бүгінгі сабақта біз Ұлы Отан соғысының тарихымен танысамыз. Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады. Ал, осы соғыс қалай басталған екен? Ол үшін біз тақырыптан тыс әлем тарихына үңілеміз.
1933 жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлері болып Адольф Гитлер сайланады. Ол бірден дүниежүзілік соғысқа дайындығын бастайды. Германияда «фашизмді» орнатты.Гитлердің негізгі мақсаты-әлемді жаулап алып, билігін орнату болды. Осы мақсатпен ол 1939 жылы 1 қыркүйекте ІІ Дүниежүзілік соғысты бастады. Ең алғаш соғыс фашистік Германияның Польшаға шабуылынан басталды. «Фашизм» дегеніміз – диктаторлық билік белгісі. Ең алғаш фашизм 1919 жылы Италияда пайда болған. Оның негізін калаған Бенито Муссолини болды. Ол Гитлердің жақын жақтасы болған. Германиядағы фашизмнің негізін қалаған Адольф Гитлер.1940 жылы желтоқсан айында КСРО мен фашистік Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Бірақ, шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
              №3,4 бейнебаяндарды көрсету  Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны -1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар 603 мың. Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді. Бірақ, соғыс 1418 күнге созылды. 1710 елді-мекендер мен қалалар қирады. Гитлер шабуылды үш бағытта жүргізді. Бірінші бағыты Украинаға, екінші бағыты Беллорусияға ал үшінші бағыты Мәскеуге шабуылы болды.
Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйекте басталып – 1941 жылдың 6 желтоқсанында аяқталды. Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда БМомышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар
Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды. 316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Ленинград үшін шайқас 1941 жылдың күзінен 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 314 атқыштар дивизиясы қаланы қорғады. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.  Сталинград үшін шайқас 1942 жылдың шілдесінде басталып — 1943 жылдың ақпан айында аяқталды. Шайқаста ерлік көрсеткендер: Жамбыл Жабаевтың баласы Алғадай Жабаев Сталинград үшін шайқаста қаза тапты, қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров,Толыбай Мырзаев «Павлов үйің» қорғауда ерлік көрсетті. 27,72,73 дивиизиялары ерлікпен шайқасты. Минометші Қ.Сыпатаев ерлік көрсетіп, КСРО Батыры атағын алды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
1945 жылдың 30 сәуірінде фашистік Германияның үкімет үйі Рейхстагқа қазақстандық батыр Рақымжан Қошқарбаев ту тікті. 8 мамырда Берлин толығымен азат етілді. 9 мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні деп белгіленді. Сөйтіп, 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы КСРО-ң жеңісімен аяқталды.
№4 бейнебаянды көрсету Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша 27 млн. қаза тапқан болса, соның 13% қазақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны –1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар саны — 603 мың. — Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)
№5 бейнебаянды көрсету
Жаңа тәрбие сағатын бекіту сұрақтары:
1.Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттердің арасында болды?
2.Ұлы Отан соғысының уақыты?
3.Ұлы Отан соғысында қанша қазақстандық батыр атағын алды?
4.Қай қалаларды қорғауда қазақстандықтар ерекше батырлық көрсетті?
5.Соғыс болу заңдылық деп ойлайсыз ба? Әлде кездейсоқтық па?
Қорытынды
Балалар, қонақтар, бүгінгі сабақ барысында естіген жылы, суық сөздерді алдарыңыздағы қағаздарға жазуларыңызды сұраймын. Жазып болсақ, суық сөздер жазылған жағын бөліп алып, киыршықтар жыртайық та, мына қоқыс жәшігіне салайық. Енді бұндай суық сөздерді өмірімізде естімейтін болайық. Ал жылы сөздер жазылған қағазымызды жаңымызда отырғанға сыйлайық. ЖЫЛЫ   сөздер СУЫҚ Соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Осы отырған баршаларыңыз соғыстың болмағаның қалайсыздар ма? Ендеше, қазір ол ойымызды әнмен жеткізейік. — Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс» деген.
Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыратын өз жеріміздің патриоттары болайық.

 

Скаков Дархан
Қызылқайың орта мектебі
Алматы облысы, Алакөл ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.