Home » Балабақша » Ұмытпаймыз ұлықтаймыз, бабаларды!

Ұмытпаймыз ұлықтаймыз, бабаларды!

Сонау 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы уақытында қаншама ата-апаларымыз елін, жерін жаудан қорғау үшін қан майданда тер төккен. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі.  Сондықтан да оларға деген құрмет, ілтипатты білдіру және кішкентай бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында «Ақерке бөбекжай» КМҚК-да 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай мерекелік ертеңгілік өтті. Онда соғыс жылдарынан көрініс көрсетіп, ән айтып, би биледі.

Бодыкова Асел

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті

«Ақерке бөбекжай» тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.