Ұмытпайды ұрпағың
Болмасада ежелден ақын атым,
Өлең жазу кей кезде ата салтым.
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған анамыздың аманатын.
Анамыз дүниеге алып келген,
Бар бақытты біздерге алып берген,
Бес баланың анасы атансамда,
Кеңес беріп, бағыт пен бағдар берген.
Анам менің, алтын анам айбыным,
Айнадайың таза болсын айдының!
Ұрпағыңның бұзылмасын іргесі,
Жақсылықпен бассын қадам ілгері!
Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас,
Әйтеуір кімде болса тірі қалмас.
Жақсы адамның есімі өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе ұмыттырмас.
«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова Бахытгуль Саматовнаның анасына арнау:
Әз ана.
Өлең жолын «Әз ана»деп атадым,
Үлкендерден жүрейін деп бата алып.
Ақ батаңыз бастайды екен ақ жолға,
Шалыс басып кетпесіндеп шатасып.
Мәнге толы «Әз ананың» ғұмыры,
Орны бөлек биік мінген тұғыры.
Саналының санасына сіңірер,
Ғажап екен педагогтық ұғымы.
Әнге толы қазағымның тірлігі,
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Тілегім көп «Әз анаға» арнаған,
Қабыл алшы шәкіртіңнін жыр гүлі.
«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова Бахытгуль Саматовнаға арнау:
Баурап менің жанымды батылдығың,
Сен санама сіңірдің ақыл мығым.
Жаңалықты үйретіп дәл өзіңдей,
Білімнің биігіне шақырды кім?
Еркелікті кешірдің баласынды,
Шәкіртіңдей болдым мен талап мықты.
Жақсылықты дарыттың бойымызға,
Ізгілікке тастаттың қадам құтты.
Көзіңде нұр ойнаған шуақ тұнып,
Көңіліме үзілмес сыйлатты үміт.
Сыйпадың сен сөзіңмен мейірлене,
Айтқаныңды ұғындым құлақ түріп.
Еңбек етіп халқыңа жансын бағың,
Тілеулеспін, жана берсін шамшырығың.
Шыққан шыңың биік болсын қашанда,
Ізденгенді жетектей бер биік шыңға!
Көңілсіз көктем
Бұл көктем көңілсіз боп басталды,
Жүрегім шын күлуге жасқанады.
Өйткені анам жоқ қой арамызда,
Ақ параққа еріксіз жас тамады.
Анам еді жасыл бағым жайнаған,
Өз бағымда алаңсыз мен ойнағам.
Қарыздармын асыл ана өзіңе,
Жарық сәуле барімізге сыйлаған.
Бауырларым ақ сүтінен нәр алған.
Жақсы қасиет бойымызға тараған,
Анашым құдіретіңе бас ием.
Туар ма еді биік мақсат,игі арман!
Көктем келді өмірдің келешегі,
Көптен бірге сүреңсіз күнде өтеді.
Көңілім күңгірт күн кешеді,
Көз жасымды кептірмек боп жел еседі,
Тіршілік шыққан күннен нәр алады,
Адамзат әз анадан жаралады.
Ананы сыйлайықшы ей, адамдар!
Мына жыр бәріңізге арналады.
Бақтыгүл Әліхожақызы
Сарағаш қаласы.