Home » Жаңалықтар » Қайырымдылық – жүректің жомарттылығы

Қайырымдылық – жүректің жомарттылығы

 Қазақ атамның ең жақсы қасиеттерінің төресі – жомарттық, қайырымдылығы, мұқтаж жандарға қиын сәттерде көмек көрсетер дархан мінезі. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу, қол ұшын беру.

Алматы қаласы Жетісу аудандық №109 жалпы білім беретін мектепте 2018 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан күндері аралығында Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының «Қамқорлық» акциясының өткізу туралы хатының негізінде мектепішілік «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар жасалынып, соған сай жұмыстар жүргізілді. Акцияға байланысты стенд жасалынып, мектеп ұжымы, ата-аналар  қауымы, жекелеген сыныптар жұмыла атсалысып, қолдан келген көмектерін аямады. Жүрегі жылы жандардың арқасында әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға және отбасыларына жылы қысқы киім-кешек пен аяқ киім, азық-түлік және мектеп құрал-жабдықтары сыйға тартылды. Акция барысында осы игі шараға атсалысып, ерекше көмек көрсеткен «Әл-Мәдина» мешіт қызметкерлері, ата-аналар мен мектеп ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз!

 

Сағидолда Бота
№109 ЖББ мектептің директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.