Home » Жаңалықтар » Ұлы тұлға есімі ұлықталды

Ұлы тұлға есімі ұлықталды

Қарағанды қаласындағы білім ошақтарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс барынша қолға алынған. Бұл орайда өткеннен өнеге, тарихтан тағылым алу басты мақсат.Осындай игі шараның бірі Қарағанды гуманитарлық колледжінде өтті. Білім ошағы ақын, Алаш қайраткерi Мағжан Жұмабаевтың   туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжан және поэзия» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш өткізді.

Мағжан Жұмабаевтың   өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу, ақынның шығармашылық мұрасын молынан  насихаттау, туған   жерге, ел тарихына, әдебиетіне деген сүйiспеншiлiктi арттыру, жас ұрпақты патриотизмге баулу, ұлы тұлғаның есімін ұлықтап,атын мәңгi есте қалдыру.

Тәрбиелік мәні зор бұл кешке танымал қаламгерлер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облысы филиалының директоры, республикалық «Қасым» журналының редакторы, ақын Серік Сағынтай, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, «Бота» жастар орталығының жетекшісі Руслан Нұрбай, ақын, журналист «Арқа ақшамы» газетінің редакторы Жанат Жаңқаш, Ақын, «Орталық Қазақстан» газетінің журналисі Жәнібек Әлиман, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Алмас Мырзахмет қатысып, өз пікірлерін ортаға салды, өлеңдерін оқып,ақын шығармаларының өзіндік ерекшелігіне тоқталды.

Әдеби-танымдық кеш соңында «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» колледж директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы шара барысында өнер көрсеткен студенттерге  және арнайы   шақырылған кештің   құрметті қонақтарына алғыс білдірді.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.