Home » Жаңалықтар » Облыстық семинар өтті

Облыстық семинар өтті

Жақында Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Айжан» бөбекжай-балабақшасында Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен әдістемелік күн өтті.
Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметінің инновациялық әдіс-тәсілдер аясында өткен семинарды облыстық әдістемелік кабинет әдіскері-Раушан Тумаева ашып, «Балабақшада тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудағы жаңашылдықтар» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Әдіскерлерге кәсіби қолдау көрсету  мақсатында өткен әдістемелік күнге  Еңбекшіқазақ ауданы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, тәрбиешілері мен  әдіскерлері қатысты. «Айжан» бөбекжай-балабақшасынан Ж.Булекбаева, С.Жаябаева, Р.Жексенбиева, А.Оңғарбаева, Н.Ужазовалар ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерінен сабақ көрсетті. Ал, «Келешек» балабақшасының тәжірибелік алаңы «Педагогтардың шеберханасы» тақырыбында көрмеден басталды.
Одан соң төмендегі тәрбиешілер шеберлік классын өткізіп, пікір алмасып, бір-бірімен тәжірибе бөлісті.

  • балабақшаның педагог-психологы — Н.Тулешова «Балабақшада М.Монтессори әдістемесін қолдану»;
  • тәрбиеші — Г.Мырзахметова «В.Воскобович ойындары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»;
  • тәрбиеші — Ә.Жаңабай «Эбру су бетіне сурет салу әдісі»;
  • балабақша әдіскері — Ж.Тохтиева «Д.Фребель технологиясының ғажайыптары»;
  • Еңбекшіқазақ ауданы, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскері – Алмагүл Унақбаева мен «Айжан» бөбежай-балабақшасының меңгерушісі Жанар Данибекованың қолдауымен өткен әдістемелік күн психологиялық тренинг пен бірге «Біз өнерлі баламыз» атты бүлдіршіндердің шығармашылығымен қорытындыланды.
    Перизат Әбділ-Әшім

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.