Home » Жаңалықтар » Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығы Көкшетауда аталып өтті

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығы Көкшетауда аталып өтті

Жеңіс күні Көкшетау қаласының орталық алаңында жыл сайын өткізілетін «Мәңгілік полк» биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тәуелсіздік алаңында қала қонақтарын әскери-патриоттық клубтар, қаланың орта мектептерінің жас инспекторлары, соғыс жылдарындағы тақырыптық экспозияциялары бар ашық аспан астындағы мұражай қарсы алды. Сондай-ақ, «Акбулак родник» ардагерлер клубы әскери жылдар әндерін орындады.

Абылай хан алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысқан мерекелік шарада сахналандырылған «Соғыс алдында», «Қан майдан», «Жеңіс жолындағы күрес» сынды тағы да басқа сюжеттерден құралған «Ел аңсаған – Ұлы Жеңіс!» көрінісі қойылды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінен кейін Даңқ аллеясына, Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигельдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Өңір басшасы капитан, бөлімше командирі, Шымкент әскери бөлімінің Ұлттық гвардиясында қызмет ететін Жетпісов Берік Саматұлының лайықты тәрбиесі үшін Шаймерденова Жанар Киянбекқызын «Офицердің анасы» медалімен, сондай-ақ, мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстаған Боранбаев Алишер Асқарұлын лайықты тәрбиелегендері үшін Бекеновтар отбасын алғыс хатпен, ал Алишер Асқарұлын 2 дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Айта кеткен жөн, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін әскери шатырларда дастархан жайылған.

Көкшетау қаласының тұрғындарын кешке «Ұлы жеңіс әндері!» концеттік бағдарламасы күтеді.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.