Home » Мақалалар » Ұлы Жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің

Ұлы Жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің

 

Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкенді құрметтеуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында, 08.05.2018ж.  9 мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында 7 а сыныптың ұйымдастырумен мектепшілік мереке өткізілді,

Сынып жетекшісі Жаппар Гүлім апай. Бұл мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер иен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қаасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған,-деп Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдиев т.с.с. соғыс ардагерлерге құрметпен бас иіп, бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымызбен пен апаларымыдың рухына бас иіп, мерекелік бағдарламаны бастамас бұрын Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Кеш барысында екінші дүниежүзілік  соғысты, қаншама адамзат баласының өмірін жалмағанын көрсете келе, сол қанды кезеңді еске түсірді. Осы кезде «Қасиетті соғыс» әні ойнатылды. Мерекелік кеште балалардың  ән-би өнерімен жалғасты.

Артынан салтанатты жиынды мектеп басшысы Казиева Н.А. 9-мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесімен құттықтап, өз лебізін білдірді.
Алматы қаласы Қорғаныс ісі жөніндегі департаментінің келісімімен 7-9-мамыр аралығында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қойылған ескерткіші жөнінде «Ескерткіш вахтасы» акциясы өткізілді. Осы аталған акцияға байланысты,  09.05.2018ж. сағат 11:00-13:00-ге дейін  Медеу ауданының №33 мектеп-лицейінен 10А сынып оқушылары ұйымдастырылды.

Бұл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш-әрине, «Бірлік». Қаншама халық бір тудың  астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерей тойы. Бүгінгі күн-көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 73-ші көктемі де келіп жетті .    Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, 2018 жылдың мамыр айының 08 күні  мектеп басшысы Казиева Н.А. және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасынан Ұлы Отан соғыс ардагерлер Мухин Евгений Яковлевич, Намазкулова Хазиза, Насырова Закья Иматьевна т.с.с. және тылда еңбек еткен ардагерлерді Ұлы Отан Жеңіс күнімен құттықтап, гүл шоғы

 мен сыйлықтар табыс етілді.

5-11 сыныптарда «Ерлерімен ердің атын шығарған» атты сынып сағаттар өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұматтарды беру. Оқушылардың өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке адал батыл болуға машықтау. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлердің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

Мәдениет Нәйля Мәдениетқызы,
№33 мектеп-лицей
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.