Home » Жаңалықтар » Ұлы Жеңіс күні — мәңгілік ел жадында

Ұлы Жеңіс күні — мәңгілік ел жадында

 

Биыл жалпы  адамзат өзінің тарихында жазылған   қаһарлы соғыстағы  Ұлы  Жеңістің  74 жылдық   мерекесін  тойлап отырмыз.

Ғұмырымыздағы  аса  қуанышпен  қарсы  алатын мерекелеріміздің бірі — Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.

9 мамыр Жеңіс күні — әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні — соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп ал, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн.

Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 ЖББМ КММ-де осы Ұлы мерекеге арналған көлемді іс-шаралар өткізілді.

Жетісу ауданы Білім бөлімінің жұмыс жоспары және мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сай 1-11 сыныптарда «Ерлікке тағзым» атты сынып сағаттары, «Нұр Отап» ХДП-ның «Ардагерларді ардақтайық» бағдарламасы негізінде мектептің шағын үлескесінде тұратын Соғыс және Тыл ардагерлерін құттықтау және үй шаруасына көмектесу жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.

6.05.2019 жылы 4-сынып оқушылары және ата-аналарының ұйымдастыруымен «Жеңіс күні!», «С днем победы!» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Жеңіс күнінің 74 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласының 28-панфиловшылар  саябағында орналасқан Мәңгілік алауға 11 «А» сынып оқушылары гүл шоқтарын қойды.

8.05.2019 жылы 1-10 сынып оқушылары аралығында «Ұлы жеңіс – ел бақыты» тақырыбында саптық ән байқауы өткізілді.

9.05.2019 жылы Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында «Ұлы Жеңіс ұрпақ есінде» тақырыбында аудандық сурет көрмесіне мектеп оқушыларының жұмыстары қойылды.

Бұл атаулы күнде біз барлық Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін, Отанымыздың қорғаушыларын жасаған елеулі еңбектері үшін алғысымызды айтып, барлығын Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

 

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.

Дараева Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.