Кештің мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс және тыл ардагерлерінің елін, жерін қорғаған ерлігі мен қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсету, жастарды Отанды сүюге, ерлікке, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
І-Жүргізуші: Құрметті ардагер ұстаздар,оқытушылар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі 9мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай өткелі отырған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты әскери — патриоттық әндер кешіне қош келдіңіздер!
ІІ-Жүргізуші:Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін — өзі жұбатқан. Сондай — ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата — әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт — насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери — патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау.
І-Жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата — бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
ІІ-Жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім — ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
І-Жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
ІІ-Жүргізуші: Олай болса, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай өткелі отырған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты әскери — патриоттық әндер кешін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
І-Жүргізуші: Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап түзеді сайланып
Ән «Ән сал,сарбаз!» орындайтын _______.Қарсы алыңыздар!!!
ІІ-Жүргізуші: Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған.
І-Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Олай болса келесі орындалатын ән «Свещенная война». Орындайтын _____ бен ______ сыныбынан құралған хор. Қол соғып кошеметтеп отырайық!!!
ІІ-Жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.
Ән «Әлия»орындайтын ______ сыныбының қыздары.
І-Жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!
«Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» әнін қабыл алыңыздар!!! Орындайтын ________ сыныбының жігіттері.
ІІ-Жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ оларды мәңгі еске алады.
І-Жүргізуші: Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күтсе,ана жарын күте берді,күте берді. Ендеше, келесі кезекті ________ сыныбының қыздарына береміз. Ән «Синий платочек»
ІІ-Жүргізуші: Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы, — дей келе ортаға ________ сыныбының«Смуглянка» әнімен шақырамыз!!!Қабыл алыңыздар!!!
І- Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні. Ән «Катюша» орындайтын ________ сыныбының қыздары.
ІІ-Жүргізуші: Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім. Алдарыңызда ________ сыныбының әнін қабыл алыңыздар!!! «День Победы» орындайтын хор.
І-Жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер. Ән «Атамекен» орындайтын хор. Ортада ________ сыныбының оқушылары. Қол соғып қошеметтеп отырайық ағайын!!!
ІІ-Жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің тірегі.
Келесі орындалатын ән «Қазақ жігіттері», орындайтын __________. Қарсы алайық!!!
І-Жүргізуші: Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға. Олай болса, кезекті ________ сыныбы __________ мен _________орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен қабыл алыңыздар!!!
ІІ-Жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
І-Жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған, Сейдолла Бәйтерековтың әні «Қазақ елі» орындайтын Жолмухамбетова Венера. Қарсы алайық!!!Қол соғып қошеметтеп отырамыз ағайын!!!
ІІ-Жүргізуші: Осымен, 9мамыр Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты патриоттық әндер кешін жабық деп жариялаймыз!!!
Алтын уақыттарыңызды бөліп, зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!
Келесі жүздескенше, қош, сау болыңыздар!!!
В.Ж.Жолмухамбетов
№ 9 орта мектебі
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы