Home » Жаңалықтар » ЖАС ТАЛАНТ

ЖАС ТАЛАНТ

Астана қаласының орталық концерт залында «Конгресс-холл» Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұлы дала мұрагерлері — «Наследники Великой степи» атты шығармашылық есебі өтті.

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «Е» сынып оқушысы 15 минут ішінде өз туындыларымен халықты тамсандырды. Қысқа уақыттың ішінде Туякпаев Альтаир А3 форматында туған өлке табиғатының барлық сұлулығын жеткізіп, 15-тен астам сурет салды.

Бұл әдіспен Альтаир жұмысты жуырда бастағанына қарамастан, өз шығармаларын тек мектеп алдында ғана емес, сонымен қатар Астана қ. өткен  көрмеде өнер сүйер қауым алдында ұсынды.

Дәл осы кескіндеме түрі сурет салуды енді үйреніп жүрген  жас суретшілер үшін қол жетімді болып табылады. Дегенмен, Альтаирдың қолынан «туған» шығармалар өзінің ерекшелігімен, тереңдігімен, даналығымен тәнті етеді.  Альтаир ұсынған қысқа уақыт ішіндегі кескіндеме үлкендерді де, сондай-ақ жастарды да қызықтырды. Аубакиров Сырым мен Жақсылық Бексултан Алтаирдің тәжірибесінде «Закат»  и «Морской пейзаж» атты кішігірім көркем туындылар  өмірге әкелді.

Біз талантты жас суретшілерге  одан әрі табыстар тілейміз және жас, бірақ өте перспективті Туякпаев Альтаирға тек биіктерден көрінуге тілектеспіз.

Жетекшісі: өнер мұғалімі
Ергазина Алтын Қуандыққызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.