Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында —қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы мәселерді талдау мақсатында Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінде «Атқа міну мәдениеті» сайысы ұйымдастырылды.
Қазақ халқы баласын өзінің өмірінің жалғасы ұрпағы болғандықтан, дүниеге келген сәбиін өсіп азамат болғанынша ардақтап, оларға арнап ырымдап әр түрлі тойлар жасап отырған. Сол тойлардың біразы мыналар: жарыс қазан, бесікке салу, шілдехана, тұсау кесер, сүндет той, баланы атқа мінгізу, т.б.
Ата бабамыз ұл балалы болғанда ерекше сый құрметпен қарап оны шаңырақ иесі деп есептеген. Әр кез шымыр, ширақ,пысық, өткір, ақылды болуға тәрбиелеген. Баласын 4 — 5 жасқа толғанда атқа мінгізіп үйреткен. Ондағы мақсаты желден жүйрік ат пен достаса білу, мал түлігін құрметтеу, өсіп пысып жетілуге жәрдем береді деп баулыған. Осы мақсатта 5 сынып оқушылары Мерғалым Ерхат, Бауыржан Еламан,6 сынып оқушылары Мадаш Темірлан, Бауыржан Ренат,7 сынып оқушысы Мазан Дамир,8 сынып оқушылары Сәрсенбай Әділжан, Отаров Байболат, Ағыбай Әдият, 9 сынып оқушысы Айдар Ерасыл «Атқа міну мәдениеті» сайысына қатысты.Бір жарым жасар тайлар жарысында Мазан Дамир І орынға, Ағыбай Әдият ІІ орынға, Бауыржан Ренат ІІІ орынға ие болды.
Бір жасар тайлар жарысында Сәрсенбай Әділжан І орынға, Айдар Ерасыл ІІ орынға, Отаров Байболат ІІІ орынға ие болды.Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталып,ақшалай сыйлық алды.Бұл шараға ата-аналар,оқушылар қатысып,жақсы әсер алды.
Тусупханова Асия Машраповна,
Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы,
Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі