Ұлы даланың Ұлы есімдері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды бірыңғай кешенді жүйесі қалыптасқан. Тәрбие жұмысының басты ерекшелігі —  білім беру мен тәрбиенің бірлігі. Осы орайда тәрбие жұмысы бойынша тәлімгерлік сағаттар мен шаңырақ сағаттарды оқушылардың күнделікті пәндер бойынша меңгеріп жатқан академиялық білімдерімен ұштастыра өткізілетін кіріктірілген тәлімгерлік сағаттардың тиімділігі зор.

Оқушыларға Рухани жаңғыруға бағытталған өлкетану-  патриоттық тәрбие беру идеяларының негізі ретінде  өлкеміздің тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың өнегелі ісінен тағылым алу және осы тұлғалардың ескерткіштерінен «Кіші туған елге тағзым» жобасына  туристік сызба дайындау мақсатында 9D сыныбына Қазақстан тарихы мен өнер пәндерімен кіріктірілген «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты тәлімгерлік сағат өткізілді.

Сабақ жарыс, зерттеме және саяхат сабақ түрінде жүргізілді. Ең бірінші өнер пәні бойынша оқушыларды 6 топқа бөліп, топтарға Атырау қаласының картасы таратылды. Әрбір топтың міндеті мектептің әрбір бөлігінде алдын ала ілініп қойған 13 монументтің суретін табу және оны карта бетіне түсіру болатын. Осы арқылы оқушылар сәулет өнерінің стилдік ерекшеліктері мен ландшафтық дизайнның жобалану кезеңдерімен және қалалық жоспарланумен танысты.

Қазақстан тарихы пәні бойынша Socrative әдісі арқылы 13 ескерткіш тұлғаның өңіріміздің тарихына, мәдениетіне, ғылымына қосқан үлестерін бағалау үшін сұрақтар берілді. Нәтиже талданып қосымша ақпараттармен  білімдерін толықтырды.

Тәрбие саласы бойынша өскелең ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбиеленуіне өз әсерін тигізетін тұлғалардың өнегелі ісінен тағылым алып, елін сүйген азамат болып қалыптасу үшін  «Туған елге тағзым» мен «Кіші туған елге тағзым» жобасына Атырау қаласындағы Ұлы Тұлғалардың ескерткіштеріне апаратын туристік сызба дайындау тапсырмасы берілді. Осының нәтижесінде оқушылар туристік сызба мен брошюра дайындады және ескерткіштердің қасында сүретке түсті.

Бұндай жұмыстар өте маңызды, себебі өскелең  ұрпақ елжандылық рухта тәрбиеленіп, өз әсерін тигізетін тұлғалардың өнегелі ісінен тағылым алып, елін сүйетін азамат болып өседі.

Тәрбие жұмысы бойынша сабақты «Туған елге тағзым» мен «Кіші туған елге тағзым» әлеуметтік жобалармен ұштастырылды. Нәтижесінде оқушылар Атырау қаласындағы Ұлы Тұлғалардың ескерткіштеріне апаратын туристік сызба және брошюра дайындады, ескерткіштердің қасында сүретке түсті.

Мұндай жұмыстар өте маңызды, себебі өскелең ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбиеленуіне өз әсерін тигізетін тұлғалардың өнегелі ісінен тағылым алып, елін сүйетін азамат болып өседі.

Рахметуллина Назгуль Сайфуллаевна,
ХББ НЗМ Атырау қаласы
Педагог-ұйымдастырушы-тәлімгер

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.