Home » Мақалалар » Мен — жаңашыл ұстазбын

Мен — жаңашыл ұстазбын

Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны.

Ертеңгі еліміздің тірегі ол-бүгінгі біздің ұшқыр ойлы, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті ұрпағымыз.

Ал, сол ұрпаққа тәрбие беріп, білім нәрімен сусындандыратын асыл жандардың бірі – ұстаздар екені бәрімізге мәлім.Ұстаздардың заманына сай, білімнің озық жүйесін меңгерген, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, жаңашыл, жан-жақты болуы абзал.

Жалықпай әркез балаға,

Білімді құйған санаға,

Алғыстар шексіз әрқашан

Ұстаз деген данаға,- демекші, мен еңбек жолымды ұстаздықпен бастадым. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей осы қиыны мен қызығы тоғысқан мамандықты таңдап, сегіз жыл ішінде оқушыларға білім нәрін беруде  ешбір жалыққан емеспін. Менің ұстаз ретінде алға қойған мақсатым тәуелсіз елімнің  саналы ұрпағын тәрбиелеу, сапалы білім беру.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп Мұхтар атамыз айтып кеткендей, мен әркез уақытымды шәкірттеріме терең де тиянақты білім берудің жолын іздеуге арнаймын.Күнделікті сабақта оқушылардың ойлау деңгейлері мен дағдыларын ескере отырып мақсат қоя білу керектігін ескеремін.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді өзінің тиімділігіне қарай саралап, қолдана білемін, соның негізінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай білуге үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеймін.

Сонымен қатар, қазіргі жаһандану заманы жаңа түсінік пен мінез-құлықтың заманы болғандықтан «Тәрбиесіз алған білім тұл» демекші сынып жетекші ретінде оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеуде мұғалімнің бойында мынандай біршама қасиеттердің болуын айтып кеткім келеді:

1.Баланың  жан дүниесін  түсіну;

  1. Оқушының қызығушылығын, қандай да бір іске икемділігін, бейімділігін бақылау.
  2. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың негізі жақсы -қарым-қатынастың болуы.
  3. Оқушыларға қиыншылық туындаған кезде көмек көрсете отырып,  олармен сырлас, дос болу керек.
  4. Баланың жетістігі үшін қолдау жасау, мадақтау.
  5. Ұстаз мәдениеті. Мұғалім оқушы алдында өзін-өзі ұстауға, ашуын оқушыдан алмауға, сөйлеу мәнері мен ұғымдарды түсінікті етіп жеткізуге, оқушы құқығьна қол сұқпауға міндетті.

Осындай қасиеттерді бойыма сіңіріп, озық технологияларды меңгеріп, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, оқушыларды оқутуда жалықпақ емеспін. Менің алдымда отырған әрбір шәкіртімнің елінің келшегін ойлайтын патриот, ұшқыр ойлы азамат болып шығуы үшін тынбай еңбек етемін, өз үлесімді қосамын.

Біздің жастарымыз біліммен ғылымға ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болмақ!

                                                  Нусіпова Динара Омарбекқызы,
Алматы қаласы, Медеу ауданы
№100ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.