Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры-ұлттық болмыстың негізі» атты жоба галереясы ұйымдастырылды. Аталған жобаға №13 орта мектебінің тарих пәнінің жоғары санатты ұстазы Жанат Аманбекқызы өз оқушыларымен бірге қатыса отырып, тарихшы ретінде өз көзқарасын былай тұжырымдап; -«Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білу әрбір кісіге қажет» деп атап өтті.
Сондай ақ жобаға №13 орта мектебінің қолөнер пәнінің мұғалімі,шебер қолдар үйірмесінің жетекшісі Қарлығаш Қапанқызыда үлкен жауапкершілікпен ат салысқаны оқушысының галерея жобасына ала келген суретінің бояуына дейін даққа түсіндіріп баяндай білгенінен аңғаруға болады.
Аталмыш жобаға Қымбат Назарқызының шәкірттерінің дайындаған «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» бөлімі бойынша суреттері жоба көркін қыздыра түсті.
Жобаға аса қарқынмен дайындалғандығын шебер баяндай білген №13 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақнұр Бақтыгелдіқызының жетекшілігімен қатысқан сыныптан «Аң стилі» тақырыбындағы суретті тамашалап көрермендер шексіз алғыстарын білдірді.
Жоба аясында музейтану үйірмесінің жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Ғайни Жолбарысқызының жетекшілігімен жасалған жұмыс тақырыбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» көрермендерге металлургия саласы жайында мол мағлұмат бере отырып тақырыптың аясы өте кең екеніне тоқталып өтті.Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұрғанын шәкірттеріміз әрқашанда ұмытпайды деп білеміз. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.
Қазақ халқы өзінің бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы бағалап, дәріптей алады.
Жобаны №13 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сымбат Алтынбайқызы қорытылай келе, алдымызда тұрған ендігі міндет-Елбасымыз анықтап берген басымдықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу екендігін атап өтіп, жобаға қатысқан шәкірттерге арнайы дипломдар табыстап, естелікке суретке түсті.
Рахметова Ғайни Жолбарысқызы
№13 орта мектебінің тарих мұғалімі