Home » Айтарым бар » Қоғамдық марапат

Қоғамдық марапат

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Елбасының «Қазақстан-2050», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларында «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында педагогтардың мәртебесін арттыру, жасампаз еңбектің артықшылығын насихаттау,қарапайым еңбек адамдарын көтермелеу жөнінде құнды ойлар айтылғаны мәлім. Қоғамдық атақтар және марапаттар жөніндегі республикалық кеңес осыған байланысты «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағы мен медалін тағайындаған болатын.

Өмірде ұстаздардың сіңірген лайықты үлесі болғанымен түрлі сүзгілерден өтіп мемлекеттік наградаларға қол жеткізу оңайға соқпайтыны шындық. Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы «№13 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ нің математика пәнінің майталман маманы, Рыскүл Әмірбекқызы Жұмабекова қоғамдық марапатқа және «Білім беру саласының үздігі» медаліне өзінің табысты еңбегінің нәтижесінде қол жеткізіп отыр.

Қоғамдық марапат- бұл қоғамдық мойындау, халықтық құрмет. Рыскүл Әмірбекқызы өзінің ұжымына  аса сыйлы, құрметке ие бола білгендігі, әрқашанда жас мамандарға өзінің риясыз көңілімен ақылын айтып жетекшілік жасауда лидер болуының өзі қуантарлық жағдай.  Осындай зор құрметке лайықты алдыңғы аға буын әріптестермен қоян-қолтық бір ұжымда бірлесе қызмет етудің өзі бір ғанибет.

Рахметова Ғайни Жолбарысқызы,
«№13 ЖОББМ» КММ
тарих пәнінің мұғалімі.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.