Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының білім бөлімінің «Нұрбесік» балабақшасы» КМҚК-нында «Ұлы даланың жеті қыры, Тарихи сананы жаңғырту «Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балалар арасында қалалық ғылыми жоба қорғау байқауы болып өтті.
Негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың арасында Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі идеясын насихаттау. Балалардың танымдық — зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып таныс материалдармен дербес эксперимент жасау дағдыларын қалыптастыру. Сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу. Баланы мектепке мақсатты түрде дайындау тәсілдері мен танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға аймақ кезеңінен сүрінбей өткен «Нұрбесік» балабақшасынан Дарханұлы Сабыр 5жаста, «Баларман» балабақшасынан Асхатова Әсел 5жаста, №32 «Қызғалдақ» балабақшасынан Қозы Аянат, «Жания Кидs» балабақшасынан Оралбек Шара, №31 «Алтын кілт» балабақшасынан Серікбай Асылхан, «Айзия Кідz» балабақшасынан Құрманбек Дәмелі қатысып бақ сынасты.
Байқауды №7аймақ әдістемелік бірлестік жетекшісі №31 «Алтын кілт» балабақшасы КМҚК-ның меңгерушісі. С.А. Турбаева ашып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі идеясын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ғылыми жоба қорғаудың мақсат міндеттерімен таныстырды.
Одан соң «Нұрбесік» балабақша меңгерушісі: Шерімбетова Гүлбибі Жолдықожақызы балабақшаның жетістіктері жайлы айтып өтті. Бүгінгі жобаға қатысатын балабақшаларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
Жоба қорғау байқауында Егізбаева Райхан Сейтжанқызы — «Сыр сәбиі» жеке балабақшасының меңгерушісі, Кунхожаева Майра Алашбаевна — «Сыр шуағы» балабақшасының меңгерушісі, қазылық етіп, қатысушы бүлдіршіндердің жобаларын сарапқа салды.
«Ұлы даланың жеті қыры,Тарихи сананы жаңғырту «Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында өткен жоба қорғау байқауында қатысушы бүлдіршіндер төмендегі критерийлер бойынша өз жобаларын қорғай білді.
1.зерттеудің мақсаты;
2.кезеңдері, зерттеудің рәсімі;
3.эксперименттің әдістемесі:
4.Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
5.көркемділігі шығармашылығы, санитарлық – нормативтік ережелерді сақтау
- жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
7.нәтижелерді практикалық қолдану салалары.
Байқау барысында «Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның тәрбиеленушісі: Дарханұлы Сабыр «Алма», №32 «Қызғалдақ» балабақшасы КМҚК-ның тәрбиеленушісі: Қозы Аянат «Қызғалдақ», №31 «Алтын кілт» балабақшасы КМҚК-ның тәрбиеленушісі: Серікбай Асылхан «Алма», «Баларман» балабақшасы КМҚК-ның тәрбиеленушісі: Асхатова Асел «Алманың пайдасы », «Айзия kids» балабақшасының тәрбиеленушісі: Құрманбек Дәмелі «Дәруменге бай жеміс», «Жания Кидs» балабақшасынан Оралбек Шара, «Алма» тақырыптарында ғылыми жобаларын қорғады.
Нәтижесінде «Айзия kids» балабақшасының тәрбиеленушісі: Құрманбек Дәмелі І-орынды иемденсе, «Нұрбесік» балабақшасы КМҚК –ның тәрбиеленушісі Дарханұлы Сабыр ІІ-орынды қанжығасына байлады. Байқауға қатысушы барлық бүлдіршіндер арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Рысбембетова Назымгүл Мұхаммедкәрімқызы,
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның әдіскері
Қызылорда қаласы