Home » Балабақша » «Ерлік мәңгі есте»

«Ерлік мәңгі есте»

Біздер үшін жанын қиған, бас иеміз жандарға.
Атақ-даңқын жеткіземіз, ертеңгі атар таңдарға

Ерліктерін мәңгі ұмытпай Есте сақтап жүреміз.
Есімдерін кеше, мектеп атауынан білеміз.

Ер есімін алып жүрген жас түлектер қаншама.
Батыр аға-апаларын таныстырып баршаға.

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1миллионнан астам жауынгер қатысып, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Қаншама жауынгер хабар — ошарсыз кетті. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 74-жыл болды!

Нұр-Сұлтан қаласының №57 «Салтанат» балабақшасында 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні қарсаңында  Пригородный тұрғын алабының Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сыдыков Нығман Есенбайұлы және Шепелев Виктор Кузьмичпен кездесуі өтті.

Мерекелік іс-шара үнсіздікпен басталды.

Содан соң сол заманда бастан өткен оқиғалардың көріністері көрсетілді.

Слайдтта бейбіт өмірдің, қуанышты сәттері жүріп жатыр, ортаңғы «Балапан» тобының бүлдіршендері «Көкек» әнін орындады. Бір сәтте, сол кездегі жүректі дүрліктіретін Левитанның дауысы шықты: «Внимание! Внимание! Говорит Москва! Сегодня, в 4 часа утра, без объявления войны, германские войска напали на нашу страну!». Осы сөздерден кейін мектепалды даярлық «Қызғалдақ» тобының көрінісі басталды.

«Журавли» әні баяу ойнап тұр. Сахнаның ортасында балалар ескерткіш мүсін болып отырады, мәңгілік алау жанып тұр, сахнаға апа шығады.

Апа: Қолына гүл шоғын ұстап сахнаға апа кіріп келеді де алаудың қасына келіп отырады. Ол соғыста болған достарын есіне алып ойланып отырады (осы кезде  бала келіп қасына отырып):

Бала: Апа сізге не болды неге жылап отырсыз?

Апа: Соғыстағы достарым есіме түсіп көңілім босап отыр.

Бала: Апа маған айтып беріңізші достарыңыз жайында.

Апа: Е, балам несін айтайын, бір ротада ылғи қыздар болатынбыз Мәншүк, Әлия, Зоя, Надя.

Мәншүк өжет қыз болатын, Алия болса қайсар қыз болатын, Надя арамыздағы ең кішкентай болатын әр кез үйін сағына беретін, Ал Зоя болса арамыздағы ең көңілдісі болатын еш нәрсеге қарамай әрқашан бәрімізді күлдіртіп жүретін, Біздің командиріміз Рақымжан Қошқарбаев болса айтқанын екі еткізбейтін қатаң адам болсада өте жақсы адам болатын.

(Осы кезде сахнадағы мүсінге жан кіреді)

Командир: Рота сапқа тұр, түзел тік тұр. Ел қорғауға дайынсыңдарма қыздар?

Қыздар: Дәл солай Командир.

Командир: Жарадыңдар, қатардағы жауынгер Әлия Молдағұлова бір адым алға. Саған туғандарыңнан хат келді. (деп хатты ұсынады). Ендеше он бес минут үзіліс (қыздар өз орындарына барып орнығады).

Әлия: Қыздар, қыздар маған хат келді, ол хатты оқыды

Қымбатты әпке. Ет жүрегім елжіреп бір өзіңе хат жазып отырмын. Анам болса күні- түні бір сені ойлайды, көзіне жас алып батыр қызым аман болса екен деп ойлайды. Кім біледі тағдырдың басқа жазғаны осы шығар………….

Зоя: Надя неге көңілсіз отырсың, қане қосылып бір ән шырқайықшы!

Ел тілегін алып ұш,

Адам заттың бағына,

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Мәншүк: Ардақтайды туған ел арыстарын,

Таптатпаған жауына намыстарын,

Елін сүйген отанының қыздары,

Адалдықпен атқарар борыштарын.

Зоя: Қыздар білесіңдерме егер жеңіс біздікі болса мен елдің алдына шығып

Өз кеудемде жалындаған,

Мақтау сөздің тоқ етері,

Жеңіс болып ту қадаған

Біздің батыр жауынгерлер деп біздің жауынгерлерді мақтан тұтар едім.

(Осы кезде рота командирі келіп;)

Командир: Рота түзел, тік тұр! Берілген уақытымызда аяқталды. Отан, ел қорғауға аттанайық! Солға бұрыл. (Катюша әні орындалып, сахнада мүсін болып қатып тұрады. Осы кезде кемпір мен бала отырады).

Апа: Ех, шіркін өмір деген бір орында тұрмай сағаттай зымырайды. Соғыс жылдары алыста қалсада, сол соғыстың жаңғырығы, дабылы естен кетер емес.

Бала: Апа біз ешқашан осы батыр аға, апаларымызды ұмытпаймыз, біздің осылай өмір сүріп жатқанымыз, осы кісілердің арқасы Апа көңіліңізді  түсірмеңіз, жүріңіз мен сізге көмектесейін. (деп саханадан шығып кетеді).

Осы сахналаудан кейін келген ардагерлеріміз көздеріне жас алды. Шынымен қыршын жас кеткен ұлдарымыз бен қыздарымызды ойласақ көзден жас кетпейді.

Ал бүлдіршіндеріміз болса мерекелік шараны одан әрі өздерінің өлең жолдарымен жалғастырды.

Көркемай

Құтты болсын жеңіс күні ағайын

Көптен күткен ұлы күнде жар салайын

Ата-бабам қан берісіп шайқасқан

Ата-бабам намыс бермей айқасқан

Асанали

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерленген құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Айғаным

Барша халық жеңіс күнін тойлайды

Жас сәбилер думандатып ойнайды

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтардың амандығын ойлайды

Мәншүк

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс

Өлең жолдарынан кейін ортаңғы «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері ортаға шығып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып «Мы защитники Отечества» атты ән орындады.

— Олар әділеттік үшін, өз жерінде тыныштық пен келісім жағдайында өмір сүру құқығы үшін шайқасты. Олар біздің Отанымызға болашақ сыйлады. Біздің еліміздің болашағы – жастар! Сіздердің немерелеріңіз бен шөберелеріңізге бейбіт күн, Қазақстанның бейбіт аспаны әрқашанда ашық болсын! Деп жүргізушілер ортаға ересектер «Айналайын» тобын шақырды, олар өлең шумақтарын айтып, «Жеңіс күні» әнін орындады.

Шығармашылық көріністер аяқталған соң, сөз ардагерлерге берілді. Сыдыков Нығман Есенбайұлы және Шепелев Виктор Кузьмич ортаға шығып Ұлы Отан соғысы кезінде бастан оқиғаларын кешкендері туралы айтып: -Бізде бұндай бақытты балалық шақ болған жоқ деді. Бізді Ұмытпағандарыңыз үшін рахмет, өсіп өркендей беріңдер деп, баталарын берді.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Аханова Ляйля Жакановна

№57 «Салтанат» балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.