Home » Мақалалар » «Ұлы даланың жеті қырын» оқығаннан кейінгі ой-толғау

«Ұлы даланың жеті қырын» оқығаннан кейінгі ой-толғау

 

     Қарашаның 21 жұлдызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ақпарат құралдары арқылы жариялаған еді.  Бағдарламалық мақала көптеген еліміздегі, тіпті шет елдегі ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауымның кең ауқымды талқылауына ие болды. Сонымен қатар, жалпы орта білім мекемелері мен мектепке дейінгі мемлекеттік нысанадарда Елбасы мақаласы қызу талқылануда.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жалпы адамзаттық және ұлттық тарихқа жаңаша тұжырымдамалық көзқарас қалыптастырып, құнды жәдігерлерімізді сақтау мен дәріптеуге арналған ұтымды ұсыныстарымен бөлісіп, халыққа бағыт — бағдар сілтеп отыр. Шынтуайтында, кеңестік заманда тарих пен мәдениет, салт-дәстүр көптеген өзгерістерге ұшырады, бұрмалау да аз емес. Ал, қазір ақпарат құралдары күшейген заманда тарих, мәдениет, салт дәстүр туралы сан түрлі пікірлер туындады. Осы орайда, пікірлердің сан алуандығы неге күшейді десек, оған нақты себептердің бірі – мемлекеттік архивтеріміздің дұрыс жолға қойылмауы. Міне, осы тұста Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы: «Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив — 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын» (1) деп мұрағатқа қатысты бағдарлама ұсынуы төл тарихымызды өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыруы деп санаймын. Бұл қазіргі таңда «Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ емес пе?» деген сынды әлеуметтік желілерде туындаған дау-дамайға шектеу болмақ.

Жалпы, «Ұлы даланың жеті қырында» көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты дархан даламызға, кең пейілді елімізге тән тарих пен атадан қалған мұра Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі өз орнын айқындап, ұлт тарихы айшықталып отыр. Жалпы,  бұл мақала Елбасымыздың өзі айтқандай Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы. Сондықтан біздің балабақша ұжымы мемлекет басшысының сарабдал саясатын қолдап, ел игілігі үшін қашан да еңбек етуге дайын!

 

Байназарова Ләзат Ағланбекқызы,
№3 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.