Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады.
Жоғарыда айтылған тәрбиелік мәні зор Наурыз мерекесін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№15 жалпы орта білім беретін мектебі» бастауыш сыныптардағы «Балдәурен» әдіс бірлестігінде мерекеленді.
Бір аптаға созылған бұл мерекеде «Амал күні», «Алас күні», «Ұлттық ойындар», «Бұрымды қыз», «Наурызнама», «Береке күні», «Наурыздуман» деп аталып наурыз мерекесінің мән-мағынасы анықталды, көрсетілді. Бала күнінде халқының шынайы мерекесін , салт дәстүрін көріп біліп өскен ұрпақ жақсылықпен сусындап басқаға үлгі бола алатынына көз жеткіздік.
Мереке соңы әр сыныптың салт дәстүрге арналған сурет көрмесімен және 4-сынып оқушыларының наурыз батасымен аяқталды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс шара алдағы уақытта жаңарып, жандана түседі деген ойдамыз.
Каскатаева Р.А
Бастауыш сынып мұғалімі