Home » Мақалалар »   ҰЛТ ТАРИХЫН ҰЛЫҚТАЙТЫН МАҚАЛА

  ҰЛТ ТАРИХЫН ҰЛЫҚТАЙТЫН МАҚАЛА

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 21 қараша 2018ж. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына  халықтың баласын оқытып отырған ұстаз ретінде өз ой-пікірімізді, көзқарасымызды ортаға салуды жөн санадық.

Елбасының жаңа мақаласының негізгі ойы бүгінгі күнге дейін қол жеткізген тарихымызды зерделеп, жинақтап, толықтырып бары мен жоғымызды анықтап ретке келтіру.

Тәуелсіздік алған қазақ ұлтының ендігі мақсаты — әлемдік өркениеттегі өзінің орнын, үлесін көрсету. Бұл түсінген адам үшін шын мәнінде, мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендік шарттарының  бірі.

Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде мемлекетіміздің өміршеңдігіне қатысты шарттар: мемлекеттік құрылымы, шекарасы, ұлттық валютасы, ішкі-сыртқы экономикасы мен елдің қорғаныс қабілеті және рухани құндылықтары мен де анықталады.

ХХІ ғасыр жаһандану дәуірінде қазақ ұлты өз орнын сақтап қалу үшін ділін, тілін, дінін және ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді ұстана отырып адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді көрсете білуіміз керек. Қазақ халқы кездейсоқ пайда болған және әлемдік факторлар әсерінен қалыптасқан ұлт емеспіз. Қазақ халқы мыңдаған жылдық тарихы бар адамзат өркениетінің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан, тіпті әлемдік тарихи процестердің ортасында болдық десек те  қателеспейміз. Оған мысал тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінен келе жатқан тарихи-мәдени ескерткіштеріміз дәлел.

1969-70 жылдары алғашқы «Алтын адамның» табылуы оны академик К.Ақышевтың дүниежүзі тарихшылары алдында паш етуі қазақ даласында өзіндік өркениеттің болғанын дәлелдеді.

Ұлы жібек жолының қазақ даласы арқылы өтуі батыс пен Шығысты байланыстырған халықаралық сауда жүйесінің болуы бүгінгі таңдағы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа дәлізінің» Қазақстан жері арқылы өтуі кешегі сан ғасырлық тарихы бар Ұлы жібек жолының жалғасы іспеттес.

Қазақ мәдениеті әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі әрі өзегі саналатын түркі мәдениеті, ислам мәдениеті және көшпелілер мәдениетінің эпицентрінде болған қазақ халқының санасына өзінің бай мәдениетінің бүгінгі тарихта алатын орнын анықтауымыз қажет бұл мемлекеттіліктің маңызды тірегі.

Тәуелсіз дербес мемлекет қалыптастырудың алғышарты бүгінгі жастардың бойында ұлттық сана сезім мен тарихи сана сезімді қалыптастыра отырып қазақ қоғамына терең ой-пікір қалыптастыруға елбасының бұл мақаласы үлкен негіз болмақ.

Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың  Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары анық.

Біздің халықтың айқындалуында нақты нүкте қойылды. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды танып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы біз айқындалу жолын нақты белгілеп алдық. Біздің халық — ғұндар мен сақтардың, түркі этностар тобының мұрагері. Біз кім екенімізді айқындап қана қоймай, бүкіл әлемге де белгі бердік. Әсіресе, қазір бұл өте маңызды.

«Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйрету арқылы ата-бабаымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты — ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам ұлының мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен байланыстыра суреттеуі бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, сөзінің мәніне бойлаған ел өз болмысын танымақ. Атты әспеттеу — болмысыңды зерделеу. Сонысымен де, осы мақаланың  мәні терең.

Аяғы жерден көтеріліп, атқа қонған қазақ ешкімге кеудесін бастырмаған. Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отырып ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу — әрқайсымызға қастерлі міндет.

 

 

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімдері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.