Home » Білім және тұлға » Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу-ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу-ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Әр ұлт өзінің ұлттық құндылықтармен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы ғалам-дану үдерісінде, Еуропалық өмір салтына еліктеу басым болып тұрған қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтау-ұлттық сананы сақтаумен егіз ұғым іспетті бо-лып отыр. Ұлттық құндылықтар дегеніміз- белгілі бір ұлтқа тән , сол ұлттың даму, қалыптасу тарихында ғасырлар бойы мәнін жоймаған рухани және ма-териалдық қасиеттер мен қажеттіліктер жиынтығы. Қай қоғамда да педагог ұр-пақ тәрбиесіне жауапты тұлға екенін ескерсек,қазіргі қоғамдағы педагогтардың міндеті –өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, сол арқылы еліміздің соғыссыз жаулап алудың құрбаны болуының алдын алу. Ұлттық құн-дылықтарға мыналар жатады: ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, халық ауыз әде-биеті, салт-дәстүрлер, салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық шаруашылық, ата-кәсіп, қонақжайлылық, бауырмалдық, мейірімділік, көпшілдік, мәдениеттілік, инабаттылық тағы басқа. Қазіргі таңда негізгі сабақта берілетін жаңа ұғымдардың ауқымы өте кең бол-ғандықтан, ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтың тәрбиелік мақсатынан шеттеп қалып жатады. Сондықтап, сынып сағаттарын, сыныптан тыс жұмыс-тарды, факультатив сабақтарды жоспарлағанда ұлттық құндылықтарға баса мән беру-жоғарыда аталған мәселенің бір шешімі болып табылады. Осы орай-да химия пәні бойынша «Қазақстандағы химиялық өндіріс орындары» факуль-тативтік курсы оқушылардың өз Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарын: тіл тазалығын сақтауға, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, өз ұлтының ұлттық ерек-шеліктерін тануына өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Аталған курста Қазақ-стандағы химиялық өндіріс орындары: одан қандай өнім алынады, ол өнім қай-да қолданылады, шикізатты қайдан алады, алынған өнімдер қай мемлекеттерге экспортталады, оның еліміздің экономикасына қандай үлесі бар, онда қандай мамандар жұмыс жасайды, ол өндіріс орындарының экологиялық аспектісі қан-дай, қандай мәселелері бар және болашақта ол мәселелерді қалай шешуге бола-ды деген сұрақтар қамтылады. Курсты оқыту барысында оқушыларға халқы-мыздың осы аталған мәселелермен байланысты да , кейде байланысты емес те ұлттық құндылықтарын дәріптеп отыру аталған курстың тәрбиелік міндетінің ең негізгісі болып табылады. Мысалы, халқымыз өз шаруашылығында қандай металдарды, қандай мақсатта қолдана білді, табиғатты қорғау-қандай ұлттық құндылықтан көрініс табады, салауатты өмір салтын қалай ұстады, жүнді қалай игерді, теріні қалай игерді, бояуды қалай жасады, тағамды қалай сақтады деген мәселелерге тоқтала отырып, жастарымыздың санасын улап бара датқан әртүр-лі ақпараттар ағынынан басым ақпарат беру- ұлтжанды азамат тәрбиелеудің бір жолы деп білемін. Қазақстандағы темір өндірісімен темірдің физикалық қасиеттері мен қолданылу саласын айта келіп, халқымыз ерте кезден темірді игере білгендігін, оның қасиетін тани білгендігін, оны күнделікті өмірде қолда-на білгендігін атап айтамын. Мысалы.Темірді қызуында бас. Тегі жаман темірді қанша қайрасаң да өтпейді.Темір кессең қысқы кес, ұзарту оңай, ағаш кессең ұзын кес қысқарту оңай. Тот темір жейді, от көмір жейді. Темір сырын отта та-нытады тағы басқа мақал –мәтелдер келтіре отырып, оқушылардың өз ұлтына деген суйіспеншілігін қалыптастыруға үлес қосамын.Қызылорда облысындағы қорғасын кен орнымен танысу барысында «қойдың сүті -қорғасын» деген мә-телді айтып, халқымыздың қой сүтінің адамның ас қорыту жолындағы қалдық-тарды қорғасындай ерітіп жіберетін қасиетінің бар екендігін білуі-оның жылдар бойғы өмірлік тәжірибесінен жинақталған ілімін кейінгі ұрпаққа ұлттық құн-дылық ретінде қалдырып отырғанын айтып өту керек. Мысалы: Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Уран өндіретін өндіріс орын-дары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында шоғырланған. Онда уран кен түрінде , яғни тұздар түрінді алынады. Біз тұз деп күнделікті өмірде ас тұзын айтамыз. Ал тұздар өте көп. Ата-бабамыз: ет сасыса тұз себесің, тұз са-сыса не себесің, Астың дәмін келтірер тұз емес пе, ел мен елді қосатын қыз емес пе деген мақалын айтып, тұздың қасиетін, маңызын білгендігі айтылады. Қазіргі таңдағы өндіріс орындарының табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланып, өндіріс қалдықтарын табиғи су көздеріне, ашық далаға тастап жатқандығы жай-лы ақпараттар баспасөз беттеріндегі суреттер, интернет ресурстардан алынған бейнероликтер арқылы көрсетіле отырып, халқымыздың табиғатқа деген сү-йіспеншілігі, экологиялық мәдениетінің қандай болғандығын сезіндіру мақ-сатында сулы жер –нулы жер, ағаш көркі жапырақ, бір тал кессек, он тал ек, ақ-қуды атпа, досыңды сатпа, су ішкен құдығыңа түкірме деген сияқты халық да-налығын айта кетуге болады. Химия өнеркәсібімен тікелей байланысты сала-ның бірі-тамақ өнеркәсібі. Қазіргі таңдағы оқушыларымыздың тамақтану сауат-тылығына ұлттық құндылығымызды ендіру арқылы дені сау ұрпақ қалыптас-тыра аламыз. Олай дейтін себебім, қазір құтыға, полиэтилен қалталарға пастер-леніп құйылған сүт өнімдерінің сапасы төмен. Яғни, пастерлеу барысында олардың құнарлылығы төмендейді. Ал сүт өнімдері балалардың өсіп даму үс-тіндегі ағзасына қажетті элементтердің негізгі көзі. Ұлттық құндылықтарымыз-дың бір түрі-сауатты тамақтану болып табылады. Мысалы ертеде ата-бабала-рымыз күз кезінде сиырдың сүтін үлкен ыдысқа құйып, оған жақсылап үйітіл-ген қозының терісін салып, бірнеше сағат қоғап отырып, қайнатады. Сол кезде сүт қайнап, суының бәрі ұшып кетеді де, сүті әлгі жас қозының терісіне жабы-сып шығады. Қыста шетінен кесіп алып, қайнаған суға салғанда қайтадан сүтке айналады. Яғни, құрамындағы құнарлы заттары сақталған таза табиғи өнім. Ұлттық құндылықтардың бір көрінісі-салауатты өмір салтын ұстану, өсімдік-тердің емдік қасиеттерін біліп, пайдалану. Мысалы жалбыз өсімдігін зәр шы-ғару жолдарының ауруларына, адыраспанды ауадағы инфекцияларды жоюға, көкемаралды тыныс жолдарының ауруларын емдеуге пайдаланған. Қазақстандағы хром өндірісімен танысу барысында хромнан әртүрлі бояулар алынатынын айта отырып, оқушыларға халқымыз қынадан, жоса өсімдігінен әртүрлі бояулар өндіре білгенін және ол өте сапалы және экологиялық таза бол-ғаны айтылады. Химия өндірісімен тығыз байланысты саланың бірі-жеңіл өнер-кәсіп. Бұл біздің мемлекетте кенделеу дамып отырған сала болғандықтан бола-шақ жастардың алдына үлкен мақсат қоюына серпін беретіндей ақпараттар ай-тылуы керек. Тері илеу-ұлттық құндылықтарымыздың бір түрі. Мал терістін ашыған айранмен, ұнға араластырып илеп, одан тондар, бас киімдер, аяқ киім-дер жасаған. Ал қазір бізде біршама мал шаруашылығы бар. Мал терісін ашы ішегімен бірге өте төмен бағамен Қытай, Түркия мемлекеттеріне жіберіп жатырмыз. Ол мемлекеттеп ол теріні илеп киімдер өндіріп, өзімізге бірнеше есе қымбат бағамен қайта сатады. Демек, мемлекетіміздің жеңіл өнеркәсіпті дамыту қажеттілігі өте жоғары, ал мүмкіндігі бар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел екенін атап көрсетті. Ал әрбір ел өз ұлттық құндылықтарын сақтағанда ғана мәңгілік бола алады.

Қорыта келгенде, сабақта оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу- ұлтжанды тұлға қалыптастыру жолындағы әрбір педагогтың міндеті деп білемін.

Астана қаласы Есіл ауданы
№76 мектеп-лицейіның химия пәнінің мұғалімі
Данебекова Күлпан Тұрсынбекқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.