Home » Баяндамалар » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ   

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ   

«Тәрбие тал бесіктен басталады» — дейді халық. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі ең алдымен, ата-ананың, тәлім-тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. Қай халық болмасын үміт ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын ұлт болашағым деп қарап, үлкен көңіл бөлген. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ қана дені сау, білімді, ұлжанды, еңбеққор, сыпайы, кішпейіл болып өсетінін барлығымызға  түсінік. Олай болса, біздің ұлт болып қалыптасып, ұлт ретінде сақталып қалаумыз үшін де біздің халқымыздың жоғын жоқтап, мүдесіңін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеуміз басты міндеттердің бірі. Ұлттық тәрбиені сезбеген ұрпақ ұлттық рух, ұлттық құндылықтар жайлы айтқанды ұқпайды ғой. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән, өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі  тілі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Оны асқақтататын — ұлттық тәлім-тәрбие. Оның негізгі ана тілінде. Жастайынан бала бойына тіл құдіретін сіңірген әрбір ата-ана мен әрбір тәрбиеші өз міндетін дұрыс атқаруда деп ойлаймын, себебі сәбилік шақта баланың есте сақтау қабілеті жақсы дамуда. Сондай-ақ, еліміз – қазақ жері, ұлтымыз – қазақ болғандықтан да тілдің құдіретін жоғалтпағанымыз абзал. Тілге қызмет қылу — елге қызмет қылумен тең. Осы әрекетіміз  арқылы балаларға септігімізді тигізер деген ойдамын.

Қазақ тілі халқымыздың ұлттық болмысын, әдет-ғұрпы мен салтын, дәстүрін, ұлттық жадын қалыптастырушы негізгі құрал ретінде ұлттың тілі мен ділін, біліктілігін болашаққа жалғайды. Ал ұлттық тәрбиенің қасиетін білмеген рухани құндылықтарды сезінбеген ұрпақтан не талап етуге болады? «Ұлттық тәрбиенің басты негізі адамгершілік, сыйластық» деп түсіндіреді дана халқымыз. Халық даналығында «Баланы әуелі мейір-шапағатқа, онан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» — дейді.

Тлеулина Нурила Орынбаевна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.