ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой — өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні — мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Ұлттық ойындар — қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы зор.
Ұлттық ойындар — ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындарды үйренудің, күнделікті пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. .Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге — құрмет, кішіге — қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатта балабақшада ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды ,асық терапиясын неге еңгізбеске деген ой туды.Асық -экологиялық таза сүйек және ұлттық құндылығымыз.Атадан-әкеге,әкеден-балаға беріліп келе жатқан . Бала денсаулығына ешқандай зияны жоқ, асықты барлық жағдайда қолдануға болады.Оқу қызметінде ойын ойнату процесінде т.б. 2018-2019оқу жылынан бастап салауатты өмір салтын сақтау мақсатында балабақша педагогтарымен ақылдаса балабақшада дене шынықтыру оқу қызметіне және күннің екінші жартысында балалармен ұлттық ойындарды дәріптеп ойнатуға көп көңіл бөлуге шешім қабылдадым.
Бастапқы кезең асық жинау акциясынан бастап,ата-аналармен бірлесе жұмыс атқарып балабақша ішінде әр түрлі сайыстар өткізіліп отырды. Педагогтарға әдістемелік көмек беріліп,материалдық базаны ұлғайту қолға алынды.
Қазіргі таңда Астана қаласы №48 «Ақ көгершін» балабақша педагогтары іздену үстінде. Ұмытылып бара жатқан ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеп, ортақ ережеге лайықтап ойындар жинағын шығару мақсатында жұмыс атқарып отыр.
Сабиева Улжан Абеновна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№48 «Ақ көгершін» балабақшасының меңгерушісі