Home » Балабақша » МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектеп жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін  әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі.  Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде.

Салауаттылық өмір  салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады: «Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі»,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады.

Дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез  қимыл іс әрекеттің символы болып табылады

Баланың ой-өрісінің  жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене  тәрбиесі ұйымдастырылған оқу қызметіне аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді.

3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының  дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде «асық тераписы», ұлттық ойындардан  құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймын.

Қимыл-қозғалыс ойындары , мысалы «асық ату», «ханталапай», «ләңгі»,  «тоқ-тоқ», «шыт тастау», «бес тас», «соқыр теке» қазақ халқының  ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру,   денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі дей отыра  2018-2019 оқу жылында «Асық терапиясын еңгіздік. Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, бейнелік және сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді.Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып,оларды оқыту және дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз. Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз.

Қазіргі таңда бала өмірінде компьютер, планшет, ұялы телефон мен асықты салыстырсақ пайдасы мен зияны қандай?

 Компьютерлік ойындар                           Асық ойындары

1.Баланың жүйке–жүйесін тоздырады.  1. Баланың ойлау қабілетін дамытады.

  1. Баланың бойына тұйық              2. Адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді.

мінезді қалыптастырады.

  1. Қанайналымын бұзады.
  2. 3. Денені шынықтырады.

4.Жүрек-қантамырларының

жұмысын баяулатады

4  .Қан айналымы мен  тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады

.5. Көздің көруін нашарлатады.

5.Көз қашықтықтан көруге қалыптасады

.6. Бойдың өсуіне кері әсер етеді.

6. Бойдың жылдам өсуіне көмектеседі

 

Осы  мәселені қарастыра келе «асық терапиясы,ұлттық ойындарды қайта жандандырып  шығармасқа деген оймен.  №48 «Ақ көгершін» балабақшасында «асық жинау акциясы» басталып ата-аналармен тығыз жұмыс атқара отырып  1500 асық жиналды Осы асықтарды залалсыздандырып  әр топ тәрбиешілер, мұғалімдер бірлесе отыра асық методикасын қолға алдық. Осы уақыт ішінде салауатты өмір салтын сақтау кластер аясында ата -аналармен  бірге дөнгелек үстел  «Ел болашағы – салауатты ұрпақ» атты іс шара өткізілді. Балабақша ішкілік педагогтар арасында «Шебер педагог-2019» сайысы өткізіліп әр педагог ұлттық ойын асықты пайдалана отырып ойын түрлерімен таныстырды. « Асық» бала денсаулығына пайдалы және барлық оқу қызметінде,ойын процесінде   қолдануға болатынына көз жеткізді. Асық терапиясы  жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.

Қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі балалардың денесін шынықтырып, оның рухани қалыптастыру негізін құрайтын, салаутты өмір салтын қалыптастыруда маңызды құралдардың бірі екендігіне көз жеткізуге болады. Балаларға дәстүрлі ұлттық ойындарды үйрету арқылы жас ұрпақтың денсаулығын реттеу, салауатты өмір сүруге жағдай жасау осы күнгі заман талабы.

 

Шомалова Бану Төкенқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
 №48 «Ақ көгершін» балабақшасының әдіскері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

One comment

  1. nazira.baltabay00@mail.ru

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.