Айтбаева Айнур Сейтмахановна,
Нұр-Сұлтан қаласы, №70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Інжу Маржан» мектепалды даярлық тобының II санатты тәрбиешісі.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, елімізді қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру. Патриоттық сезімге баулу.Көрнекі құралдар: Қағаздар, суреттер, бейнефильм т.б.
Ұйымдастыру:-Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер бар жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек.
Шаттық шеңбері:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұл-қызымыз.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүліміз.
Қайырлы күн қонақтар!
Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар? Балалар: Төрт
Тәрбиеші: Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?Балалардың жауаптары.Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қанша ай бар? Оларды атап өтейікші.Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Атап шығайықшы.Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.Тәрбиеші: бүгін аптаның қай күні?Балалар: сәрсенбі.
Слайд.
Кең байтақ жері бар, үлкен биік таулары бар, терең теңіздері бар. Егістік даласы сыңғырлаған бидай үні бар, бақтарында иісі мұрын жарар алмалары бар, сылдырлаған бұлақ үні ән салып тұрады. Пайдалы қазбаларға өте бай- Тәуелсіз Қазақстанды мақтан етеміз. Ал енді балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтарды шешеміз.-Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?
-Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
-Енді, мен сендерді шығу тарихымен таныстырайын. Қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа-сиырларды көлік қылған.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
(Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. )Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Ат(жылқы)-мінуге болатын атты таңдапалып, көлік ретінде пайдаланған. Ат- сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз және дөңгелектермен белгілейміз.
Ат арба-шеберлер атқа сәйкестендіріп, арба жасаған. Оны атқа жегіп, жүк артқан, көлік ретінде пайдаланған. Арба- сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз және дөңгелектермен белгілейміз.
Түйе-бас білдіріп, оны мініс ретінде және көлік ретінде пайдаланған. Түйе- сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз және дөңгелектермен белгілейміз.
Күйме-арбаға ұқсас, бірақ төртбұрыштап, әшекейлеп, жабық түрде жасаған. Мұны да атқа жегеді. Күйме- сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз және дөңгелектермен белгілейміз.
Ойын: «Жалғасын тап» . Мақал-мәтелдер.
1.Олай тартсаң өгіз өледі,
Бұлай тартсаң арба сынады.
2.Алдыңғы арба қайдан жүрсе,
Соңғы арба содан жүрер.
3.Өгіз ыңқылдаса, арба сықырлайды.
4.Арба иесі күпшек дер,
Киіз иесі білек дер.
5.Шықсаң ұзақ сапарға
Арымас ат — от арба.
6Өгіз тыпырлайды,
Арба сықырлайды.
7.Жақсы аттан жал кетсе де, Әл кетпейді.
8. Арғымақтың жақсысы,
Сатса-пұл, шапса-көлік.
Көрме. Балаларды көрмемен таныстыру.Сергіту сәті:Қане, кімнің бойы ұзын? Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш-пш, пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, бойымызды сергітіп алсақ, онда бұрын ата-бабаларымыз пайдаланған арбаны жасап көрейік. Экранға қарап отырып жасаймыз. Балалар жасайды. Ал, балалар арбаны өте жақсы жасап шықтыңдар,бұл арбаны жаңа техника шықпай тұрып пайдаланған. Бірте-бірте заманға сай көліктердің түрі жаңара бастады.
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Тақпақтар:
Ұшақ (Ақнұр) Кеме (Зере)
Бұлттар менен көктегі,
Теңізді жүздім балықтай,
Мен боламын туысқан.
Дүниені кездім жалықпай
ОзыпКөліктердің бір түрі,
Қанат қақпай ұшамын.
Мен боламын қайықтай.
Машина (Жантөре)
Төрт аяғым дөңгелек
Адамсыз мен жүрмеймін,
Барлық жерге жеткізіп,
Қаласаңыз апарам.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы текше»
Қорытынды:
-Көліктің қандай түрлері болады?
-Адамға көлік не үшін қажет?
-Ата-бабаларымыз қандай көлік түрлерін пайдаланған?
-Не құрастырдыңдар, балалар?
Жарайсыңдар, балалар!Осымен бүгінгі оқу-қызметіміз аяқталды. Балаларды мақтау-мадақтау.Қонақтармен қоштасады.
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!