Home » Қыс қызығы

Қыс қызығы

Байбусинова Айнура Рахматуллаевна,
Нұр-Сұлтан қаласы, №70 «Құлыншақ» балабақшасының
«Балауса» мектепалды даярлық тобы II санатты тәрбиешісі

Мақсаты:Қыс мезгіліндегі ғажайып сәттерді естеріне түсіру.Балаларға қызығушылық таныту. Геометриялық пішіндерден шырша, үй, күн құрастыру.Құрастырып жапсыру. Желімді ұқыпты пайдалану.

Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері, пішіндер , желім, әріптер.Тәрбиешінің оқу қызметі:Балалар,күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы.Жылуымыз ды жан-жағымызға беріп,жылулық шеңберін құрып,келген қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбер.     Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күн,
Армысың балабақшам,
Армысың достарым.
Сіздерді көргеніме қуаныштымын,
Үлкенге де, кішіге де,
Амандасып алайық.
Басымызды иеміз.Сұрақ-жауап: Бұл суретте қай мезгілді көріп отырмыз?- Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде неше ай бар? – Үш ай бар. Қыс мезгілдерінің айларын атап айтыңдаршы?- Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, ойын ойнайық. Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»Ойын шарты: Тақтаға қыс мезгілінің суретінің қалташасы ілінеді. Үстел-үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері. Балалар төрт жыл мезгілдерінің суреттерінің ішінен тек, қыс мезгілінің суреттерінің ерекшеліктерін тауып тақтаға ілу қажет.

Балалар ойын шарты бойынша орындайды. Жарайсыңдар балалар. Балалар, қыста ауа таза болады, сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек, ойын арқылы денелерің шынығады. Балалар , біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?-Жаңа жыл, 16-шы желтоқсан және 1-ші желтоқсан-ел басы күнін тойлаймыз. Ғажайып сәт: Нұрали келеді. Балалармен сәлемдеседі. Далада күн суық екен, ментоңып, жылынуға ішке кіріп едім, осында тап болдым.  Бұл қай жер? – Бұл, «Құлыншақ» балабақшасы, оның ішінде «Қарлығаш» тобы.Ой сенің шанаңда не бар? Сыртта ешқандай бала жоқ екен. Онда сен біздің балалармен ойна, ал балалар Нұралидің әкелген қарларымен , қар лақтырысып ойнайық.
Балалар мен жолдан  мына әріптерді  тауып алдым. Қане, көрейік! Қандай әріптер екенін білесіңдер ме?Сергіту сәтіне келейік Қар жауғанда топ балаСоқтық келіп аққала.Мұрны сәбіз,уп-ушкірКөзі көмір қап-қараКөне шелек басында,Сыпырғышы қолында.Мұзайдынды аршуға,Келгендей-ақ ол мұнда.Осы балалар қыс туралы тақпақ білемізбе?-Білеміз.-Олай болса қыс туралы тақпақ айта қойыңдаршы.Санжар: Жасыл емес жайнаған,Ақ мамыққа айналаңСырғанақта ойнайсың,Қызыққа енді томайсың,Алақай-ау, алақайҚыс келіптұр балақай!Ақнұр: Мұз қатып көлдергеҚар қонып белдергеСырғанақ тебейік,Аппақ қыс келгенде.-
Өте жақсы.Енді мен сендерге жұмбақ айтамын, соны ойланып жауабын айтыңдар.Түсі аппақ болады,Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).-Өтежақсы, дұрыс зулап түсіп төменге Шықпас менсіз төбеге (Шана).  Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Ғжайып қыс»  болғандықтан, аққала туралы айтамыз. Аққаланы қай мезгілде жасаймыз және неден жасаймыз?- Аққаланы қарды домалатып жасаймыз. Негізі үш бөліктен тұрады. Көзін тастан, мұрынын сәбізден, қолын сыпырғыштан, ауызын ағаштан және басына шелек кигізу арқылы жасаймыз. Енді аққаланың бейнесін жасау үшін, қамырды пайдаланамыз.
Қорытынды:-Балалар, бүгінгі жасаған жұмыстарымызға қарайықшы, біз нені бейнелеп шығардық?- Аққала қандай пішіндерге ұқсайды?-Аққала неше бөліктен тұрады?-Аққаланың түсі қандай? Бағалау: Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы  қатыстыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.