Home » Мақалалар » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫ ЕСКЕ АЛУ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫ ЕСКЕ АЛУ

20.01.2019 жылы «І.Жансүгіров атындағы № 30 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлағатты ұстаз, осы мектепте еңбек еткен Оспанов Оразханды еске алу және ұлағатты ұстаздың есімін ардақтау, өскелең ұрпаққа өмір жолын дәріптеу, ауыл тұрғындары арасында спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында волейболдан Жылы – су ауылдық әкімшілігі арасында турнир өткізілді. Турнирге Жылы – су әкімшілігіне қарасты елдімекендерден бір командадан, І.Жансүгіров  мектебінің мұғалімдерінен бір команда және ауылдан екі команда қатысты. Оразхан ағай бүкіл саналы ғұмырын мектепке арнап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағыштаған, мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы және ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы болып халыққа қызмет етті. Қиын кездері ауылдың көркейіп өсуіне өз үлесін қосты. Елге абыройлы азаматтың атынан қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылып, кабинет заман талабына сай безендірілді. Кабинеттің ашылу салтанатына келген қонақтар Оразхан ағай туралы естеліктер айтып, ұлағатты ұстазды еске алып, жас ұрпақтың санасына Оразхан ағайдың еңбек жолын дәріптеді. Турнирді Оразхан ағайдың кенже баласы, ауданымызға белгілі асаба Мақсат Оразханұлы ұйымдастырды. Оразхан ағайға арнап ауыл тұрғындарына ас беріліп, құран бағышталды.
Тартысты өткен турнирде І.Жансүгіров мектеп мұғалімдерінен құрылған команда бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орынды «Мырзашоқы» ауылының құрама командасы, үшінші орынды «Байқоныс» ауылының құрамасы жеңіп алды. Сайыс жеңімпаздарын бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапаттау Мақсат Оразханұлының есебінен жүргізілді. Сайыс соңында аудан көлемінде, биыл әкімшілік көлемінде өткізілгендігін және бұл сайысты дәстүрлі сайысқа айналуына атсалысатындығы белгілі болды. Сайыс көтеріңкі көңілде, жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Сайыстың жоғары дәрежеде өтуіне І.Жансүгіров мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері белсенділік танытты.

 

С.Лесбаев,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
«І.Жансүгіров атындағы №30 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
І санатты БӘД және ДШ ӘБ жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.