Home » Мақалалар » Үш тілді меңгеру – заман талабы

Үш тілді меңгеру – заман талабы

Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған шарттардың шеңберінде жұмыстан қол үзбестен В1, В2 деңгейлері мен пәндік курсты игеру бойынша және жұмыстан қол үзіп В2 деңгейі мен пәндік курсты игеру бойынша «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» деген біліктілікті арттыру курстары басталып кетті. Бұл курстардың мақсаты ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету болып табылады. Курстар «ХХІ ғасыр педагогы» деген авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

«ХХІ ғасыр педагогы» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде іске асырылады және тіл меңгеру деңгейін жетілдіру үшін және оқыту әдістемесін қолдану дағдыларын жақсарту үшін оқытудың біріктірілген тәсілін қамтамасыз етеді.

Курстар облыс орталықтарында және Астана мен Алматы, Балқаш, Сәтпаев, Жаңаөзен, Семей, Кентау, Түркістан қалаларында өткізіледі.

Жұмыстан қол үзбестен және қол үзіп өткізілетін курстар сәйкесінше 492 және 292 академиялық сағаттан және Орындаушының есебінен күн сайын қосымша 2 сағаттық практикумнан тұрады, сондай-ақ ағылшын тілін оқытудың мынадай кезеңдерін қамтиды:

1-кезең ағылшын тілін В1 деңгейінде оқыту (кемінде 200 академиялық сағат) (қол үзбестен өткізілетін курс үшін көзделген).

2-кезең ағылшын тілін В2 деңгейінде оқыту (кемінде 220 сағат).

3-кезең пәндік курс (кемінде 72 академиялық сағат).

Бірінші және екінші кезеңдер аудиториялық сағаттардан ғана тұрады және аптасына 3 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізіледі. Оқыту жүргізілетін күндері Тыңдаушылар жұмыстан босатылады. Үшінші кезеңде курстар оқыту процесіне толықтай беріле отырып, аптасына 5 күн, күніне 8 академиялық сағаттан өткізілетін болады. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылар әрбір тілдік кезең аяқталғаннан кейін емтихандар тапсырады, оның нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (CommonEuropenFrameworkofReference) шкаласы бойынша тіл игеру деңгейі көрсетілген халықаралық үлгідегі сертификаттар алады.

Пән (биология, химия, физика, информатика) мұғалімдері тілдік құзіреттілікті оқыту курсы аяқталғаннан кейін:

  • жалпы еуропалық тілдік құзіреттілік шкаласына (CEFR) сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін В2 деңгейіне дейін арттырады;
  • өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгереді;
  • оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыратын ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игереді;

— ағылшын тілін оқытуға арналған пәндік-тілдік біріктірілген оқыту (CLIL) әдістемесін пайдаланады;

— оқытудың инновациялық әдістерін игереді. Осы арқылы заманауи ұстаз дайындалып шығады деген мақсатымыз бар.

 

«USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС

баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.